Астрахан музыка колледжінде домбырадан аймақтық конкурс өтті

М.Мусоргский атындағы Астрахан музыка колледжінде домбырадан аймақтық конкурс өтті. Өнер мектебінде білім алып жатқан 7 мен 16 жас аралығындағы балалар арасында өткен байқаудың мақсаты ұлттық өнерді ұлықтай отырып шын таланттарды анықтау.

Егемен Қазақстан
09.01.2018 827

Салтанатты шара қазақ халқының дәулескер күйші ұлы Құрманғазының ескерткіші басында тәу етіп, оқушылардың құрметпен гүл қою рәсімінен басталды.

Жасөспірімдердің байқауына Ресей және Қазақстан мемлекетінің танымал музыканттары қазылық етті. Қазылар төрағасы Тельман Ермағамбетов Қазақстанның мақтаулы білім қызметкері, композитор, «Ақжелең» ансамбілінің жетекшісі.

Харабали қаласынан келген Айдар Өтешов конкурстың гран-при иегері атанып, сыйақы ретінде Ақтөбедегі Қазанғап атындағы өнер мектебіне домбырадан шеберлік-сыныбынан өтуге арналған жолдаманы жеңіп алды. Ал «Солистер» аталымы бойынша Сұлтан Батырбеков (№4 Балалар өнер мектебі, Харабали, қ.) бірінші орын иегері болды. Байқауға қатысушыларға арнай диплом мен естелік сыйлықтар берілді.

Құрманғазы атындағы аймақтық мәдени орталығының директоры Амангелді Әбулғазиев қатысушылардың өнеріне өріс тілеп қана қоймай, мұндай конкурстардың аймақтағы домбыра өнерінің дамуына жаңаша серпін беретіндігін жеткізді.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.08.2018

Азиада-2018: Дмитрий Алексанин Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды

19.08.2018

Өскеменде Құрбан айтта 300 адамға ет таратылады

19.08.2018

Австралияда орман өртенді

19.08.2018

Головкин - «Канело» рематчын британ телевидениесі көрсетеді

19.08.2018

Отгонцэцэг Галбадрах Еуропа кубогында чемпион атанды

19.08.2018

Экс-депутат жас мемлекеттік қызметшілерге дәріс оқыды

19.08.2018

«Алтын Тобылғы» әдебиет жүлдесіне өтініштерді қабылдау басталды

19.08.2018

Маңғыстаулық құрылысшылар төл мерекесін атап өтті

19.08.2018

Барлық жағдай жасалатын солтүстік аймаққа көбірек келіңіздер – Мемлекет басшысы

19.08.2018

Теміржолда сыбайлас жемқорлықты болдырмау жайы айтылды

19.08.2018

Астанада жол ақыны SMS арқылы төлеуге болады

19.08.2018

Зерендіде жастардың жазғы білім лагерінің екінші маусымы жұмысын жалғастыруда

19.08.2018

Азиада-2018: Бүгін қазақстандық спортшылар жарыс жолына шығады

19.08.2018

Елордада автобус жүргізушілері 400 мың теңгеге дейін жалақы алуы мүмкін

19.08.2018

Жакартада жанған жұлдыз

19.08.2018

Ауа райы болжамы: Ақмола облысы мен Астана аумағында дауыл тұрады

18.08.2018

Жакартада Жазғы Азия ойындарының ашылу салтанаты өтті

18.08.2018

БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Кофи Аннан қайтыс болды

18.08.2018

Мемлекеттік хатшының қатысуымен Бұқар жыраудың 350 жылдық мерейтойы өтті

18.08.2018

Пара алған әкімдердің қылмысы әшкере болды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Тілтолғақ пен тілтұтқа

Әлеуметтік желіден «Астана қаласы­ның қаракөз балдырғандары қазақша сөй­лемейтіні несі?» деген сыңайдағы сұрау­лы сөйлем, қобалжулы пікірді көзіміз шалып ойланып қалдық, қапаландық. 

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ертеңгі ұрпақтың да еншісі бар

Қойнауы құт қазақ жері тәуел­сіз­дігі­міздің ширек ғасырдан асқан шежіресінде ел экономикасын тұралап қалу қасіретінен сақтап келеді. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениетке мән берсек...

Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Аграрлық саладағы болашақ мамандықтар

Сарапшылардың болжамдарына қарағанда, әлемдік аграрлық салада 15-20 жылдың ішінде революциялық өз­герістер жүзеге асырылады. Жаңа тех­нологиялардың шапшаң қарқынмен дамуы, ғарыш кеңістігін игеруге көптеген елдердің құлшыныс танытуы, гендік инженерия ықпалының күшеюі, азық-түлікке сұраныстың артуы, бос жатқан жерлердің азаюы секілді факторлар әлем бойынша жаңа технологиялармен қаруланған жаңа тұрпатты ауыл ша­руашылығын қалыптастырады. Сөйтіп ауыл шаруашылығы өзгерістерге барынша баяу бейімделетін ең консервативті сала деген бұрынғы түсініктің көбесі сөгіледі.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу