Аймақтар • 11 Қаңтар, 2018

Атырау облысында басқарма басшысы тағайындалды 

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Сағындық Лұқпанов облыс активіне жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жаңа басшысын  таныстырды.  

Атырау облысында басқарма басшысы тағайындалды 

Ол - бұған дейін Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келген Асқар Жанахмет. 

Сағындық Лұқпанов Асқар Жанахметтің жеке сектор мен мемлекеттік органдардағы жұмыс өтілін айта келе,  оның меритократия қағидатына сәйкес мемлекеттік бос жұмыс орнына конкурс нәтижесінде  осы лауазымға тағайындалғанын атап өтті. 

Асқар Жанахмет құрылыс және экономика салаларында екі жоғары білімі бар.  Еңбек жолын 2006  жылы жеке секторда менеджерліктен бастаған. 2011  жылға дейін жеке компанияның бас директоры болды. 2012  жылы мемлекеттік қызметтегі жұмысын бастап, бас маман,  инспектор, бөлім басшысының орынбасары, Атырау облысы әкімі апараты басшысының орынбасары болды.  2017  жылдың 1 тамызынан  бастап  облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.