Медицина • 12 Қаңтар, 2018

Жасөспірімдерді қателіктен қалай сақтандырамыз?

586 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Жуырда БҰҰ  Халық қон­ыс­тану қорының ұйым­дас­­тыруымен журналис­тер­ге арналған «БАҚ бет­те­рінде Қазақстан Респуб­ли­­касындағы жеткін­шек қыз­­дардың жыныстық ден­сау­­лығын сақтау» тақы­ры­бын­­дағы жарияланымдар ту­расында арнайы тренинг өткізілді. 

Жасөспірімдерді қателіктен қалай сақтандырамыз?

Мамандар айтқан цифрлардан жан шошиды. Тыңдап отырып ойға кеткенмін. Неге қоғамдағы проблема­ны ортаға салғанда нақты оқи­ғасын, сал­дарын ғана сөз етеміз. Неге түп төркінін іздеп, тамыры қайда жатыр неге түбірін қазбаймыз деген ой келген. 

Бұрынғы қазақ өмірінде жеке адам руынан тыс тіршілік ете алмайтын. Өйткені көшіп-қонса да, то­пырақты өлімі мен торқалы тойында да, күнделікті тіршілігінде де, баласының тәрбиесінде де жеке өзі тіршілік етпейтін. «У ішсең ру­ың­мен» деп, шалыс басып, жаза бас­қанның да айыбын ру болып кө­теріп, құ­нын төлейтін. Қоғам ат­қа­ратын жау­апкершілік қандай жо­ғары дең­гейде болса, әрбір жеке тұл­ға да тура жолдан ауытқудың қан­дай зар­даптарға әкелетінін біліп, он­дай­дан бойын қашық ұстауға тыры­са­тын. Ауылдағы қыз баланың ғана емес, ұлдың да тәрбиесіне бүкіл қоғам көз тігетін. 

Әрине, БАҚ-тың қиыс кеткен жері аз емес, сенсация қуып, жаңалық жет­кіземіз деп жамандықты жел­пілдетіп кететін тұстар жетіп-ар­ты­лады.

Тренингте осы бір өте нә­зік мәселені қалай жария ету­дің жолдарымен бөлісу жайы қоз­ғалды. Журналист ақпарат жет­кі­­зуші, оқиғаны жариялау-
шы. Ал жет­кіншектердің жыныстық ден­­сау­лығы туралы мәселе БАҚ-тың жұрт­шылыққа жеткізуінде кеткен қапыдан туып отырған жоқ. Сон­дықтан әлеуетті ұйымдардың ұлт­тық дәстүрге негізделген халық­тық инс­титуттардың қайта жандануына үлес қосуына мүмкіндік беру туралы айтылды.
Тренингте балалардың тым ерте жетілуінде отбасылық жоспарлаудың маңызына назар аударылды. 

Сонымен деректер не дейді? Соңғы 5 жылда 33 мың жасөспірім қыз­дың аяғы ауыр болып, оның 10 мыңы жасанды түсік жасатқызған. Мә­­селен, әлеуметтік сауалдама жүр­гі­зіліп, оған еліміздің әр айма­ғы­нан, қа­ласы бар, ауылы бар 1166 ұл-қызы аралас жасөспірім қатысқан рес­пон­денттердің 14 пайызы ерте же­тіл­­гендерін көрсеткен. Осы 14 пай­ыз­дағы балаларға сауалдарды әрі қа­рай тереңдете қойғандағы алынған жау­аптар жаға ұстатарлықтай. Олардың 8 пай­­ыздан астамы 14 жастан, 33 пай­­ызы 15 жасынан бастап ересек өмір­ді бастап кеткен. Әрине, фи­зи­ологиялық тұрғыда қанша же­тілді де­генмен, баланың аты бала. Ба­ла­­л­ы болған балалардың санының азай­­­мауы көптеген әлеуметтік қи­ын­­дықтарды тудырады. Не оқу бі­тір­меген, не мамандық алмаған, кәмелетке толмаған баланың өзімен қоса өмірге алып келген баласының да болашағы бұлыңғыр болары бесенеден белгілі. Мамандар тығырықтан шығудың жалғыз жолы жыныстық тәрбие беру, балаларды ақпаратпен қамтамасыз ету екендігін айтады. Рас, ерте жетілген балаға ақпарат керек. Контрацепті препараттарды пай­далануды үйрету жоғарыдағыдай проблеманың тумауына оң ықпалын ти­гізер. Бірақ қазір қоғамдағы бала­ла­рдың 20 пайыздайы ғана жыныстық тұр­ғыда ерте жетіледі екен де, оларға қа­жет ақпарат береміз деп жүргенде қал­ған 80 пайыздан астам баланың ойына не саламыз, оларды жасынан ерте берілген ақпаратпен бүлдіріп алмаймыз ба, деген сауал туады. 

Тренингте шымылдықтың арғы жағындағы 15 жастағы аяғы ауыр қыз жағдайымен бөлісті. Жігіті өзінен 6 жас үлкен, мамандығы да бар, таяуда үйленбек екен. Ол сірә, өзінің тым ертерек жетілгенін есепке алса керек, жас­өспірімдерге 15 жастан бастап жы­ныстық тәрбие берген дұрыс деп ойлайтынын жеткізді. 

Жуырда некедегі ерлер бел­сіз­дігінің 16 пайызға жеткенін Б.Жарбосынов атындағы Урология ғы­лыми орталығының басқарма тө­рағасы, медицина ғылымдарының док­­торы, профессор Мырзакәрім Алшын­баев жария еткен еді. Дүние­жү­зілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдеуінше, егер елдегі бедеулік 15 пайыздан асса, бұл әлеуметтік-демографиялық мәселеге айналады екен. Осы тренингте мәлім болған деректің бірі жоғарыдағы ерлер арасында туып отырған проблеманың бір тіні жасөспірім уақыттағы жойдасыз байланыстарда жататын көрінеді. Мәселен, дейді мамандар, әлеуметтік сауалдамада ерте жетілген 15 пайызға әрі қарай тереңдете берілген сауал бой­ынша олардың 24 пайызы мерез, 30 пайызы соз, 38 пайызы трихо­мониаз тәрізді ауру жұқтырып, жа­сырын емделгені белгілі болды. Ал ондай ем қабылдаулардан бар­лығы бірдей құлан-таза айығып, со­­ңына із қалдырмады деу қиын, дей­ді дәрігерлер. Сон­дық­тан ұлт ден­саулығын ойлағанда, де­мо­гра­фиялық ахуалдың күрделі жағ­дай­ға ұрынуына тек қыздарды кі­нәл­ай бермей, ер балалар тәрбиесіне де көңіл бөлудің өзектілігі алға шығады. 

Бір қуанарлығы, БҰҰ Халық қо­ныс­тану қоры қоғамның бетін осы проблемаға аудару мақсатында әлеу­­меттік мәні бар бірқатар шара ат­қа­­руда. Яғни өңірлерде жастар ден­сау­лықтарын сақтау үйлері ашылып, жас­өспірімдерге қажетті ақпарат пен ден­саулық күтіміне қатысты ке­ңес бе­ріліп, әнші Ақмаржан Көшер­ба­еваның (Kaliya) қатысуымен «Қыз тағ­дыры» атты жобаның жүзеге асуына үлес қосып отыр. Нәтижесінде «Қыз тағдыры» атты бейнебаян тү­сірілген. Тренингке қатысқан ән­ші өзінің әлеуметтік желілердегі па­рақшасына тағдырлы қыздардың көп­теп хабарласатынын айтты. Ра­сын­­да, қоғам өз жарасын өзі емдемей, ел­ең қылмай жүре берсе асқынған дерт­т­ің меңдемей қоймасы анық. Ой­ланарлық мәселе! 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»