Аймақтар • 16 Қаңтар, 2018

Атырауда Елбасының Жолдауын талқылауға арналған облыс активінің мәжілісі өтті

241 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Нұрлан Ноғаев мемлекет басшысының «Төртінші  өнеркәсіптік революция жағдайындағы  дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді жүзеге асыру бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.

Атырауда Елбасының Жолдауын талқылауға арналған облыс активінің мәжілісі өтті

Облыс әкімі мәжіліске қатысушыларды аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы хабардар етті. 

2017  жылдың қортындысы бойынша өндірілген өнім көлемі 5,7 трлн АҚШ долларына жетті. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 20,8%-ке артық. Бірінші жартыжылдықта өңдеуші өнеркәсіптегі  еңбек өнімділігі 33,8 мың АҚШ долларын  құрады,  2016  жылмен салыстырғанда 141,7 %-ке өскен. 
2017  жылы өңірде жалпы құны 5 млрд доллардың 5 жобасы іске қосылды.344 жаңа жұмыс орны  құрылды. 

Аймақтағы басты міндет – өнеркәсіптік революция аясында инновациялық технологиялар тарту. Экспорттық өнім шығаруды қамтамасыз ететін мекемелерді қайта жаңғыртуға және цифрландыруға бағытталған жаңа құралдарды даярлау және тестілеу. Өңірдің ресурстық әлеуетін дамыту міндеттерінің қатарында. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау мен сақтауға қатысты мәселе де шешіледі. Қазір он полигон құрылысының ЖСҚ мемлекеттік сараптамадан өтуде.  Құрылыс 2019  жылы басталады деп жоспарланған. 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Лұқпанов пен Атырау қаласының,  аудандардың әкімдеріне мәселелерді бақылауға алу жүктелді. Олар: индустриялау картасы аясындағы жобаларды жүзеге асыру және табиғат қорғау шараларын орындау. 

Үшінші бағыт бойынша басты міндет алдағы бес жылда АӨК өнімділігін 2,5  есеге көбейту. Бұл балық өнімін өңдеу сапасын арттыру, тамшылатып суару әдісімен егіс алаңын көбейту, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту,  АӨК қолдау құралдарын құрумен байланысты болмақ. 

Төртінші бағыт бойынша әкім орынбасары Ж.Сүйіншалиевке, Атырау қаласы мен аудандардың әкімдеріне биыл облыс аудандарында жол инфрақұрылымын құру жұмыстарын жалғастыру тапсырылды. 

Бесінші бағыт бойынша әкім орынбасары Ж.Сүйіншалиевке, Атырау қаласы мен аудандардың әкімдеріне  тұрғындарды энергиялық тиімділігі жоғары, сапалы, таза құрылыс материалдарымен  қамтуды ұйымдастыру тапсырылды. 

Алтыншы бағыт бойынша облыс әкімінің орынбасары А.Әжіғалиеваға, қалалар мен аудан әкімдеріне банк портфельдерін сауықтыру,  ипотекалық қарыздарға қатысты мәселелерді реттеу, бизнесті қолжетімді мөлшерлемемен ұзақ мерзімді несиемен қамту бағыттарында жұмыстарды жетілдіруді бақылау тапсырылды. 

Жетінші  бағыт бойынша облыс әкімінің орынбасары Н.Сайлауоваға,  қала мен аудан әкімдеріне орта білім беру саласын жаңғырту,  оқу орындарын цифрландыру, әсіресе ауылдық жерлерге мән беру тапсырылды.  Медицинада заманауи технологияларды енгізу,  тиімділігін көтеру,  халықты жұмыспен қамтуды бақылауда ұстау да назарда болады. 

Сегізінші бағыт бойынша облыс әкімінің орынбасары А.Әжіғалиеваға мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру жұмыстарын жүзеге асыруды  бақылау жүктелді. Қызметтерді цифрландыру, ведомствалық  бағынышты ұйымдарды жекешелендіру қадағаланады. 
Облыс әкімінің орынбасары С.Лұқпановға,  қала,  аудан әкімдеріне туристік инфрақұрылымды дамыту,  қызмет көрсету сапасы мен қолжетімділігін арттыру тапсырылды. 

Н.Ноғаев тоғызыншы бағыт бойынша аймақта біраз жұмыс істелгенін атап айтты. Әлеуметтік желілерде арналар іске қосылды,  халықпен кері байланысты жолға қою  мақсатында   жеке  қосымшалар дайындалды. 

Оныншы бағыт бойынша көшелерді жарықдиотты жарықтандыру жобасы жүзеге асырылуда. Жолаушылар көлігі мен қалалық бейнебақылау жүйесі салаларында жобалар қаралып жатыр. 

Нұрлан Ноғаев өз сөзінде Атырау облысында мемлекет басшысының «Төртінші  өнеркәсіптік революция жағдайындағы  дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді жүзеге асырудың нақты жоспары дайылғанын атап өтті.