Қазақстан • 17 Қаңтар, 2018

Н.Назарбаевтың Жол­дауы Қазақстанның жаңа белеске иек артқанын көрсетеді

193 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елбасы Н.Назарбаевтың ха­лыққа арнаған кезекті Жол­дауы Қазақстанның жаңа белеске иек артқанын көрсетеді. Президент бұл жолы он басым бағытты айқындап берді. 

Н.Назарбаевтың Жол­дауы Қазақстанның жаңа белеске иек артқанын көрсетеді

Соның ішінде агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі туралы айтуы заңды. Мұны Елбасы жыл сайынғы Жолдауында үнемі жадынан шығарған емес. Неге? Өйткені қазіргідей өркениет кезеңі дәуірлеп тұрған шақта ауылшаруашылық саласын жаңа технологияға бейімдеу уақыт талабынан туындап отыр. Ең бірінші, бес жыл ішін­де еңбек өнімділігін 2,5 есеге ұл­ғайту қажеттігін алға тартты. Сосын өңделген өнімнің экс­портын ұлғайту мәселесі де бүгінгі күні басы ашық мәсе­ле. Бұл – дұрыс. Бірақ, қай­тіп көтеру керек? Айталық, жұ­мыс­ты цифрлы жүйеге ауыстыру қазір жер-жерде ішінара болса да біртіндеп қолға алынып жатыр. Мәселен, біздің «Қарқын» ЖШС-нде мұны бастадық. Қыстың күні тағы ны­ғайта түсеміз. Яғни бұл жағы­нан қыруар жұмыс істеліп жатыр.

Екіншіден, отандық өнім­дерді халықаралық нарыққа шығарудың стратегиялық жолын табу арқылы қолға алған шаруаны алға бастыра беру қажеттігі де бекер емес.  Бұл ретте өнімнің сапасына басты назар аударылуы тиіс. Онсыз экспортты ұлғайту мүмкін емес. Бүгінде елімізде комбайн, трактор секілді ауылшаруашы­лық техникалары құрастыры­лып жатыр. Жергілікті тауар өн­дірушілер өзімізден шық­қан техникаларды алуы керек. Сонда салық та, қаржы да шетел аспай, өз ішімізде қалады. Оның үстіне, отандық техника сатып алған кәсіпкерлерге үкімет 25% субсидия төлейді. Бұл – үлкен жәрдем.

Жалпы, бұл жолғы Жолдауда да көптеген мәселе көтерілді. Бұл бір жағынан ауылда тұратын еңбекші қауымды ынталандыра түседі. Мәселен, Елбасы был­тырғымен салыстырғанда әлеу­меттік салаға бөлінетін қар­жының 12 пайызға өскенін айтты. Жағымды жаңалық! Өйт­кені халықтың жартысы ауыл­да тұрады. Ауыл өркендесе, шаруашылық жұмыстары тежел­мейді. Тек мемлекет ауыл­дарға ауыз су құбырын тартып, жолын жөндеп берсе шаруа біраз еңсеріліп қалар еді.

Өз басым Жолдаудан көп нәрсе ұқтым. Мұны жүзеге асыру кезек күттірмес шара деп білемін.

Сайран БҰҚАНОВ,
Қазақстанның Еңбек Ері

Қостанай облысы