Президент • 18 Қаңтар, 2018

Н.Назарбаев пен Трамптың кез­десуі: Инвестиция ағыны артады

356 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамптың кез­десуі, біріншіден, қа­зақ­стан­дық экономикаға аме­ри­калық инвестицияның жа­ңа ағымын қамтамасыз ету жағынан өте маңызды.

Н.Назарбаев пен Трамптың кез­десуі: Инвестиция ағыны артады

АҚШ инвестор-мемлекеттер тізімінде серіктестік жылдары ішінде 50 миллиард доллар көлемімен көш бастап тұр. Алайда, бүгінгі таңда америкалық кор­порациялар біз үшін қажетті бағыттарға қайта бағ­дарлануы керек. Бұл жерде цифрландыру, экс­по­рттық тауарлардың не­гіз­гі үлесін құрайтын эко­но­­­мика саласындағы өн­ді­­рістік процестерді ав­то­мат­тандыру ту­ралы айтып отырмыз.

Бұл тұрғыдан алғанда Мем­лекет басшысының АҚШ-қа сапары біздің мо­де­р­­­­н­изациялық бағдар­ла­ма мен эко­­номикалық рефор­ма­лар­дың негізгі векторларын та­ныс­тыру іспетті болды.

Сондықтан алдағы уа­қыт­та жоғары технология­ларды енгізу бойынша жаңа екіжақты жобалардың пайда болуын күтуімізге болады. Бұл, ең алдымен, мұнай-газ секторы, мұнай-химия саласы, энергетика, көлік-логис­ти­ка инфра­құ­ры­лымына қа­тысты.

Атап өту керек, Қазақ­стан әрдайым шетел инвес­торларына, оның ішін­де аме­рикалықтарға да бизнес жүргізудің ең тиім­ді шарттарын ұсынған. Қол қойылған келісімдер Қазақстан-Амери­ка бизнес серіктестігі алдағы уа­қыт­та да қарқынын жо­ғал­­тпайтынына кепілдік бе­реді.

Оразғали СЕЛТЕЕВ,

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы

Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының (ӘЭСИ) жетекші сарапшысы