Аталған бағытта 50 жолаушыға дейін сыятын CRJ 200 әуе кемелері пайдаланылады. Ал әуе билеттерінің құны – 16 мың теңге.
Сонымен қатар, осы кезеңде Астана – Балқаш – Астана бағыты бойынша күн сайын әуе рейсі орындалады. Тасымалдаушы ретінде Qazaq Air әуе компаниясы қызмет көрсетеді. Бұл бағытта 78-ден 86 жолаушы сыятын Bombardier Q-400 ұшақтары қолданылады. Аталған әуе рейсінде де бір бағыттағы билет құны – 16 000 теңге.
Аталған екі бағыт та мемлекет тарапынан субсидияланады.