Қазақстан • 18 Қаңтар, 2018

Н.Нығматулин: Елбасы тапсырмасын заңмен қамту – абыройлы міндет

202 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалық етуімен Мәжілістің осы жылдағы алғашқы жалпы отырысы өтті. Жиынды ашқан Н.Нығматулин күн тәртібінде қаралатын мәселелерден бұрын Мемлекет басшысының Жолдауындағы міндеттерге кеңінен тоқталды.

Н.Нығматулин: Елбасы тапсырмасын заңмен қамту – абыройлы міндет

Мәжіліс Төрағасының пікі­рін­­ше, бұл жолдау – елдің даму та­рихын жаңа кезеңге бастайтын қадам. Себебі Қазақстан келе­шегінің кемелденуі Төртінші өнер­кәсіптік революция жағ­дай­ында дамумен тікелей байла­нысты болмақ. «Президент ай­­қындап берген 10 бағыт за­ман­­ға сай бейімдей отырып, ж­а­­ңа мүмкіндіктер мен жаңа та­быстарға жол ашатыны сөзсіз. Сон­дықтан Елбасы жүктеген мақ­саттарды сапалы заңдармен қам­тамасыз ету, ол – біз үшін өте үл­кен жауапкершілік және абыройлы міндет болып табылады», – деді Н.Нығматулин.

Мәжіліс Спикері Жолдауда табиғи монополияларды реттеу және венчурлық қаржыландыру, Эко­логиялық кодекс, денсаулық са­ласына қатысты заңнамаларды же­тілдіру бойынша нақты та­п­­сыр­­малар жүктелгенін атап өт­­­ті. Сондай-ақ сессия соңына дей­­­ін Президент Жолдауын жү­­­­зе­ге асыруға қатысты басқа да маңызды заң жобаларын қа­был­­­дау міндеті тұрғанын айтты.

Орайлы сәтте Төраға Мәжі­ліс депутаттарының осы жы­л­ғы аймақтарға сапары жайлы ақпаратты да назардан тыс қалд­ыр­мады. Қаңтар айының ал­ғаш­қы жартысында ауыл-аймақ­тар­ды аралаған халық қалау­лылары 400-ге жуық елді мекендерде болып, 1500-ден астам кездесу өткізген. Мұндай басқосулар жергілікті тұрғындардың барлық саладағы өзекті сұрақтарына жау­ап беріп, заң жобаларының тал­қылануы мен қабылдануына қа­тысты мәселелерді жан-жақты талқылауға мүмкіндік берген.

Мәжіліс Төрағасының жоға­ры­дағы мәлімдемелерінен кейін отырыс депутаттардың Па­лата қарауына ұсынылған бір­қатар жаңа заң жобаларын талқылаумен жалғасты. Олар­дың қатарында табиғи моно­по­лияларды қорғау, қорғаныс өнер­­кәсібі мен аэроғарыш туралы, валюталық реттеу және ба­қылау, діни қызмет мәсе­ле­лерін біріздендіруге бағыт­талған заң жобалары бар. Сол сияқты күн тәртібіне сай осы күні депутаттар әлеуметтік қамсыздандыру мен дәрі-дәрмек және медициналық өнімдер, «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» заң жо­бала­рына жаңашылдықтар ен­гізу жайын қарастыратын болды. Мемлекеттік статистика мен мемлекеттік сатып алу және ква­­зимемлекеттік субъектілерді сатып алу мәселелерін заң аясында оңтайландыру түйткілдері де сессияның алдағы отырыс­та­рында қызу талқыланатын та­қырыптар ретінде бекітілді. Та­ғы бір айта кетерлік жайт, бұл санат­тағы құжаттар қатарында бір­­қатар мемлекетаралық және ха­­лықаралық ұйымдар қызметін жетілдіруге бағытталған заң жобалары да бар.

Жалпы алғанда, депутаттар бұл күні 16 заң жобасына қатыс­ты қорытынды шешім қабыл­дап, екі заң жобасын бірауыздан ма­құл­дады. Оның алғашқысы Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов таныстырған «1996 жылғы 16 қыркүйектегі Қазақстан Рес­пуб­­ликасының Үкіметі мен Әзер­байжан Республикасының Үкіметі арасындағы табыс пен мүлікке қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға өзге­ріс­­тер мен толықтырулар ен­гі­зу туралы Қазақстан Респуб­ли­касының Үкіметі мен Әзер­байжан Республикасының Үкіметі арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы болды. Екі ел ар­асындағы ақпарат алмасу мен Конвенцияның жекелеген ережелерін қайта қарау ар­қы­л­ы қос мемлекеттің салық қыз­­меттерінің ынтымақ­тас­ты­ғын дамытуды мақсат еткен құ­жат аясында «Қазақстан», «Әзербайжан», «Уағдаласушы мем­лекеттің кәсіпорны» тер­мин­­деріне өзгеріс енгізіледі. Сон­­­дай-ақ қолданыстағы заңна­ма­ға сәйкес, конвенция қол­да­нылатын Қазақстан және Әзербайжан салықтарының атаулары да нақтыланды. Бұл мәселе бойынша қосымша баяндаманы Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Аман­жан Жамалов жасады. Ал заң жобасын талқылау бары­сында депутаттар  Әзербайжанға ин­вес­тиция ретінде құйыл­ған қар­жы­ның қайтуы сиырқұйым­ша­қ­танып кеткеніне өз алаң­дау­шылықтарын білдірді. Бұл мәселеге жауап қатқан ми­­нистр Әзербайжан банкі Қазақстанға қарызын 15 жыл мерзім ішінде төлейтіндігін айтты. «Жалпы айтқанда біз бұл ақшаны жоғалтқан жоқпыз. Егер банк, шынында да, банкротқа ұшыраса немесе қарыздың қайта өзгеріспен төленуін несие бе­рушілердің басым көпшілігі қол­дамағанда ақшаны жоғалту қаупі туындайтын еді. Бүгінгі таңда банктің бұл облигациялары Әзербайжанның дербес облигацияларына ауыстырылған. Нәтижесінде 3,5 пайыздық мөлшермен 250 млн АҚШ долла­рының қайтарымы 15 жыл­­ға ұзартылды. Бұл қағаздар өтім­ді болып табылады», деді Б.Сұлтанов.

Содан кейін Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Мұхтар Тілеубердінің таныстыруымен Мәжілісте мақұлданған екінші құжат «Қазақстан Рес­пуб­ликасының Үкіметі мен Бірік­кен Ұлттар Ұйымы ара­сын­дағы Солтүстік және Орта­лық Азия үшін Субөңірлік бөлімшеге арналған әкімшілік және қаржылық рәсімдерге қатысты келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланды. Ал тақырыпқа қатысты қосымша баяндаманы Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Қабиболла Жақыпов жасады. Баяндамашылардың айтуынша, Келісімге сәйкес Қазақстан Солтүстік және Орта­лық Азия үшін Субөңірлік бө­лім­шеге елімізде орналасатын бөлімшенің бүкіл кезеңінде көр­сетілетін коммуналдық қыз­меттерге шығыстарды қос­па­ғанда, жалдау ақысынсыз, са­лық­тарсыз және басқа да алымдарсыз, ауданы кемінде 270 шаршы метр үй-жайды орналасу және оны пайдалану үшін бе­реді. Ал Біріккен Ұлттар Ұйы­мы үй-жайға тұрақты тех­никалық қызмет көрсету мен оның ішіндегі ағымдағы жөн­деу үшін жауапты болады. Сонымен қатар бұл құжат ел Үкіметінің  2016 жыл­дан бастап әр жылдың 20 сәуі­рінен кешіктірмей 100 мың АҚШ доллары мөлшеріндегі жыл сайынғы жарнаны беруін қам­тамасыз етеді және осы қа­ра­жат бағдарламалық іс-шара­ларға арналған шығыс­тар­ды, сондай-ақ бөлімшенің институционалдық және пайдалану шығындарын жабу үшін жаратылады деп көзделген.

Жиын соңында халық қа­лау­лылары өз құзыреттері шең­­берінде ел Үкіметі мен тиіс­ті ведомстволардың атына депутаттық сауалдарын жол­­да­ды. Олардың қатарында И.Смирнова, С.Бычкова, М.Магер­рамов, К.Абсатиров, А.Қожах­метов, В.Олейник, Т.Сыздықов, В.Косарев, Е.Барлыбаев, З.Аманжолова, А.Қоңыров, Н.Дулатбеков, Б. Хаменова болды.

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,

«Егемен Қазақстан»