Сыр өңірі Татарстан Республикасымен өзара әріптестік туралы меморандумдарға қол қойды

Татарстан Республикасына жұмыс сапары барысында Қызылорда облысының әкімдігі мен «Иннополис» ЕЭА және облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мен «Қазан» агропаркі арасында бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша әріптестік туралы меморандумдарға қол қойылды.

Егемен Қазақстан
20.01.2018 3055

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев бастаған делегация ақпараттық технологиялар, ауыл шаруашылығы және индустрия салаларындағы жобаларды жүзеге асыруда тәжірибе алмасу мақсатында Татарстан Республикасына іссапармен барды. Делегация құрамында мемлекеттік орган басшылары және өңірлік компаниялар мен мекемелердің өкілдері бар.

Қазан қаласындағы Инвестициялар агенттігінде Татарстан Республиканың экономикалық әлеуеті таныстырылды.

Мұнан кейін қызылордалық делегация «Эйдос» медициналық ғылым орталығының медициналық симуляторларды шығаратын өңірлік инжиниринг орталығының жұмысымен танысты. Орталық 2013 жылы  ашылды және жетекші ғылыми-өндірістік ұйымдармен бірлесіп медицина саласындағы жоғары технологиялық зерттеулермен айналысады.

Сонымен қатар, қызылордалықтар «Қазан» агроөнеркәсіп паркінің жұмысымен танысты. Заманауи көпфункционалды технологиялық кешенде «фермерден тұтынушыға делдалсыз жеткізу» қағидасына негізделген ауылшаруашылық өнімдерді сату жүйесі еңгізілген. Бұл жүйе өндірушіге табысты бизнес жүргізу үшін жағдай жасаса, тұтынушыға сапалы өнімді тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік береді. Агропарк аймағында ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер өнімдерін бір алаңқай аясында сақтауға, өндеуге, қаптауға және сатуға барлық жағдай жасалған.

Сонымен қатар, делегация мүшелері сапардың негізгі нысаны - Қазан қаласынан 40 шақырым қашықтықта орналасқан «Иннополис» ерекше экономикалық аймақты аралап көрді. Иннополис - ІТ-мамандар үшін 2015 жылы ашылған алғашқы ресейлік қала. «Ақылды қала» тұжырымдамасы аясында Иннополис тұрғындары жайлы өмір сүру мақсатында инфрақұрылым, бизнес, білім алу, қызмет көрсету және тұрмыстық нысандар салынды. Қазіргі таңда Иннополисте 3 мыңнан астам адам тұрады және 120 компания, оның ішінде «Иннополис» ЕЭА 56 резиденті мен серіктесі тіркелген. Қызылордалықтар «Иннополис» университеті мен лицейінің, проблемалық зертханалар мен еңгізілген корпоративтік басқару қағидаларына үлкен қызығушылық білдірді.

Сапар қорытындысымен Татарстан Республикасының басшылығымен келіссөздер жүргізіліп, облыс әкімі Қ.Көшербаев бірлесіп атқаратын жұмыстар туралы баяндап, Қызылорда қаласында күзде өтетін «Сабантой» республикалық татарлар мерекесіне қатысуға шақырды.

«Біз ақпарат және сандық технологиялар дәуірінде өмір сүріп жатырмыз, ал Татарстан бұл бағытта тек ресейлік қана емес, бүкіл бұрынғы Кеңес Одағының аумағында көшбасшы саналады. Мұнда көптеген тың жаңалықтар көп екеніне Иннополис қаласына барғанда көзіміз жетті. Татарстан президенті Минниханов Рустам Нұрғалиұлына біздің жастарды Иннополис университетінде оқыту идеямызды қолдағаны үшін алғыс білдіреміз. Біз қазір әріптестік жөніндегі бірлескен Жол картасын әзірлеуге кірістік», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Татарстан Республикасының президенті Рустам Минниханов Қызылорда облысымен әріптестік орнатуға қызығушылық білдірді.

«Қызылорда облысы белсенді дамып, инвесторларды көптеп тартып жатыр. Біз Қазақстан аймақтарымен экономикалық-сауда саласымен қатар, білім, инфрақұрылым-инновациялық даму, туризм салалары бойынша әріптестік жасауға мүдделіміз; Бизнесті қолдау шарттары да тиімді көрінеді. Біздің мәдениетіміз, менталитетіміз және дініміз өте ұқсас», - деді Р.Минниханов.

Естеріңізге сала кетейік, Татарстан президенті Рустам Минниханов өткен жылы желтоқсан айында Қызылорда облысына қысқа мерзімді жұмыс сапармен келген болатын.

Сондай-ақ, Қызылорда облысы мен Татарстан Республиканың негізгі әріптестік салалары білім мен денсаулық сақтау екенін атап өткен жөн.

Мұнан бөлек, Ресей Федерациясына жұмыс сапары аясында Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев және бірқатар мемлекеттік орган басшылары 16-18 қаңтар күндері Мәскеу қаласында Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында өткен «Гайдар форумына» қатысты.

Форум барысында экономика және сандық технологияларға ауысу, төртінші өнеркәсіп революция кезеңінде трансформациялар секілді бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықты қызықтыратын глобальді трендтер талқыланды.

«Гайдар форумы» – 2010 жылдан бастап өткізілетін экономика саласындағы жыл сайынғы халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Форумды ұйымдастырушылар – РХШжМҚА, Е.Т.Гайдар атындағы Экономикалық саясат институты және Ресей инновациялық аймақтар қауымдастығы, форумға жетекші ресейліқ және шетелдік ғалымдар, сарапшылар, мемлекеттік органдар мен бизнес ұйымдарының жетекшідері қатысады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл қатысушылар саны Форум тарихындағы рекордтық көрсеткішке – 15 мың адамға жетті.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.02.2018

Алматыда қарт адамдарды қолдауға бағытталған карта қабылданбақ

21.02.2018

Бауыржан Байбек: Жаңа автобус алған тасымалдаушыларға 15 млрд теңге көлемінде демеу қаржы бөлінеді

21.02.2018

Жерге қатысты заң мақұлданып Сенатқа жолданды

21.02.2018

Нұрлан Ермекбаев: Мемлекет дін мен сенімге қарсы емес

21.02.2018

Дмитрий Голобурда ҚР ҚАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды

21.02.2018

Қоғамдық келісімді нығайту мәселелері талқыланды

21.02.2018

Астанада балалар өнер мектебі түлектерінің шығармашылық көрмесі өтті

21.02.2018

Б. Сағынтаев азаматтық авиацияны дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

21.02.2018

Министрлік «Егеменде» жарияланған мақалаға жауап берді

21.02.2018

Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі және аутизммен ауыратын балаларды оңалту орталықтары ашылады

21.02.2018

«Спортинг» – «Астана». Жауапты ойынның жауапкершілігі

21.02.2018

Өскеменде «Жас кәсіпкер» атты бизнес-жобалар байқауы өтті

21.02.2018

«Жолдарда жемқорлықты төмендетудің 10 қадамы» акциясы ұйымдастырылды

21.02.2018

Юлия Галышева: Жүлдегер екенімді елге келгенде шынайы сезіндім

21.02.2018

Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті

21.02.2018

Қазақстанның латын графикасына көшуі әлемдік БАҚ назарында

21.02.2018

Астаналық жас өнерпаздар латын әліпбиін қолдап флешмоб өткізді

21.02.2018

Атырау облысындағы Сарайшық музейінде заманауи сапар орталығы салынады

21.02.2018

2019 жылы Атырау облысының 99,7 пайызы табиғи газбен қамтылады

21.02.2018

Элизабет Тұрсынбаева Олимпиаданың келесі кезеңіне жолдама алды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қайтқан малда қайыр бар

Осының алдында газет бетінде жарияланған «Бай бол­­саң, халқыңмен бол!» атты мақа­ламызда («Егемен Қазақстан», 09.02. 2018 жыл) меншік иелері­нің елімізден астыртын жолдар арқылы шығарып әкетіп жатқан капиталының түбі оларға қайыр бермейтіндігін, қазіргі күні Батыс әлемінде жүріп жатқан саяси-эко­номикалық үдерістердің екпі­німен бұл қаржылар сол жақ­тың өзінде ерте ме, кеш пе, қақпан­ға түсірілетіндігін, ал оның идеологиясы қазірдің өзінде әзір екендігін жазған едік. 

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Халық тәжірибесі – құндылық

Елшіл қайраткер Смағұл Сәдуақасұлы «Сәрсенбек» атты романында (1922) бас қаһармандарының аузынан «Қазақ неше жылда нағыз Жапониядай болады», «Қазақ Жапония секілді болу үшін өзінің елдігі өзінде болу керек», «Мыңдаған, миллиондаған қазақтар жұмысшы болып істесе, өз жерінің байлығының рахатын көрген емей немене?! Бұл дегенің адам айтқысыз жаңару болар еді» дейтін пікірлер айтқызады. Ел келешегінің мүбәрак жолын меңзеген нұсқа сөз деп қабылдаған дұрыс.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Жүздік құрылымда рулық үлес жоқ

Жақында танымал антрополог-академик Оразақ Смағұловтың «Қазақ халқының шығу тегі» атты еңбегі жарыққа шықты. Туындыда қазақ халқы осыдан қырық ғасыр бұрын Еуразия даласында дара этнос ретінде қалыптасқаны физикалық антропология арқылы дәлелденіпті. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Тобасыз тойымсыздарға тоқтам бар ма?

Қазаққа адал қызмет етуді парыз да қарыз санаған ұлт көсемі Әли­хан Бөкейханов: «Алаштың баласы, бұл жолы болмаса, жақын арада өз тізгі­ні өзінде бөлек мемлекет болар» деп­ті. 

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Әлеуметтік әділеттілік жолы

Енді ғана тағайындалған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ми­нистрі Мәдина Әбілқасымова Үкімет отырысындағы өзінің алғашқы баян­дамасында « МӘМС жүйесін енгізуді бастау үшін үстіміздегі жылы толық­қанды дайындық жұмыстары қам­тамасыз етілетін болады» деп атап көр­сетті. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу