Технология • 22 Қаңтар, 2018

Google жаңа Fuchsia операциялық жүйесін компьютерге енгізді

415 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

 

Андройд Google компаниясының ең атақты операциялық жүйелерінің бірі екені анық. Сонымен бірге, Chrome да компьютерлерде жиі қолданылатын іздеу жүйесі. Жақында, атақты компания жаңа Fuchsia операциялық жүйесін компьютерлерге орнатқаны белгілі болды. Алайда, Google бұл өнімді әлі ресми түрде таныстырған жоқ.

Google жаңа Fuchsia операциялық жүйесін компьютерге енгізді

Компания бұл Fuchsia операциялық жүйесін жасауды 2016 жылдан бері бастап кеткен. Алайда компания бұл жобасы туралы ашқандай ақпарат таратпаған. Тек 2017 жылдың мамыр айында желіде пайда болған ақпараттар жаңа операциялық жүйенің «OS» деп аталатыны туралы жазған. Бұл интерфейс көптерезелік жұмыс жүйесін ұсынып отыр.

Fuchsia интерфейсі кросс-платформалық SDK «Flutter» арқылы жазылған. Жаңа операциялық жүйені тек 2015 жылдан бастап шығарылған Intel NUC компьютерлері және Acer Switch Alpha 12 сияқты құрылғыларында қолдану керек.

Көк логотипті Fuchsia-ның жоғарғы оң жақ бұрышындағы екі режимнің арасында яғни ноутбук және телефонда оңай ауысуға мүмкіндік беретін функция орналасқан. Сонымен бірге, операциялық жүйеде біршама жасырын функциялар орналасқан. Мысалға, уақыт белдеулерін ауыстыру үшін тізім көрсетілгенімен, ол әлі дұрыс жұмыс жасап тұрған жоқ.

Скотт Адам Гордонның айтуы бойынша, бұл операциялық жүйенің андройдтан басты айырмашылығы ол Linux-қа негізделіп жасалмаған. Ең басты ерекшелігі, ол заманауи смартфондар мен компьютерлерде тез жұмыс жасауға мүмкіндік беретін операциялық жүйе.

Қазіргі кезде операциялық жүйедегі трекпад, пернетақта, сенсорлық экран мен USB порттары жұмыс істеп тұр. Бірақ, Wi-Fi және де басқа маңызды функциялар әлі іске қосылмаған. Осыған қарап-ақ бұл операциялық жүйені толықтай іске қосу үшін біраз уақыт бар екенін айтуға болады.