Қазақстан • 19 Қаңтар, 2018

«KEGOC» АҚ БАҚ арасындағы шығармашылық байқаудың қорытындысын шығарды

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«KEGOC» АҚ жыл сайынғы Қазақстанның Ұлттық электр энергетикасы жүйесін дамыту және «KEGOC» АҚ инвестициялық жобаларының өзекті мәселелерін жазған үздік материалдарға жарияланған республикалық және аймақтық БАҚ арасындағы шығармашылық байқаудың қорытындысын шығарды.

2017 жылы байқау комиссиясының қарауына байқау тақырыбына сәйкес қазақстандық БАҚ-та (интернет-БАҚ қосқанда) жарық көрген  103 жарияланым ұсынылды. Олардың ішінен мазмұны жағынан байқауды өткізу талаптарына жауап беретін 63 материал таңдап алынды.

Баяндау ерекшелігі мен жанрларына сәйкес, кәсіби шеберліктерін, өзектілігін, материалдардың маңыздылығын ескере отырып, Комиссия байқауды өткізу тәртібіне сәйкес 10 (он) аталымды анықтап, келесі журналистер мен басылымдардың жұмысын үздік деп тапты:

  1. «Жүйелілік және деректілік» аталымы бойынша – «Eenergy.media» ақпараттық-салалық ресурсының редакциясы;
  2. «Аймақтық шолу» аталымы бойынша – Ерлан Ахметов, «Ақкөл өмірі» Ақкөл аудандық қоғамдық-саяси газетінің тілшісі;
  3.  «Ақпараттық әріптес» аталымы бойынша – «Интерфакс-Қазақстан» жаңалықтар порталының редакциясы;
  4. «Жедел ақпарат» аталымы бойынша – «Қазақпарат» халықаралық ақпарат агентігінің редакциясы;
  5. «Үздік салалық талдау» аталымы бойынша – «Эксперт Қазақстан» іскери журналының редакциясы;
  6.  «Өзектілік» аталымы бойынша – Жансая Омарбекова, «Арқа ақшамы» Қарағанды қалалық газетінің тілшісі;                              
  7. «Өзекті жарияланым» аталымы бойынша – Гүлнұр Қуанышбекқызы, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің тілшісі; 
  8. «Үздік жарияланым» аталымы бойынша - «Курсивъ» газетінің редакциясы;
  9. «Ақпараттық қолдау» Дулат Әбибуллаев, «Қазақстан» республикалық телеарнасының тілшісі;
  10. «Үздік ақпараттық шолу» аталымы бойынша – «Литер» республикалық газетінің редакциясы