Атап өтсек, қаланы электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етіп отырған қосалқы станциялар, соның ішінде «Шұбар» станциясы, «Астана РЭК» АҚ орталық диспетчерлік бөлімшесі электр жүйесінің жұмысы тексерілді.
Жиында энергетикалық кешендердің басшылары аязға дайындық жұмыстарының барысы туралы баяндады. Күн тәртібіне тәулік бойы кезекшілік қою, электр жүйелерінің жұмысын 10 пайызға, жедел бригада жұмысын екі есеге арттыру тұр.
Сондай-ақ аяз кезінде жауапты мамандар мен тәулік бойы кезекшілік ететіндердің жұмыс кестесі жасалынып, жылу станцияларын құру тапсырылған ЖЭО-2 –нің дайындығы да тексерілді.
Қазіргі уақытта 30 тәулікке жететін көмір қоры мен 15 күнге жететін мазут отыны бар.