Әлем • 22 Қаңтар, 2018

Нью-Йоркте Қазақстан мен Тәжікстанның сыртқы істер министрлері кездесті

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19 қаңтарда Нью-Йоркте өткен Ауғанстан және Оталық Азия бойынша БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің министрлер дебаты алаңында Тәжікстан сыртқы істер министрі Сироджидин Асылов пен Қазақстан СІМ Қайрат Әбдірахманов кездесті. Бұл туралы Тәжікстанның «Ховар» Ұлттық ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Нью-Йоркте Қазақстан мен Тәжікстанның сыртқы істер министрлері кездесті

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы маңызды мәселелер және БҰҰ аясындағы жан-жақты қарым-қатынастарды нығайту жөнінде өзара пікір алмасты.

Сонымен қатар, 19 қаңтарда БҰҰ штаб пәтерінде Сироджидин Асылов БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ терроризммен күрес бюросының жетекшісі Владимир Воронковпен кездесті. Кездесуде тараптар Тәжікстанның БҰҰ терроризмге қарсы күрес бөлімшелерімен әріптестік орнату жөніндегі мәселелерді қарап, осы бағытта бірлескен іс-қимылдар жүргізудің болашағын талқылады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың мамыр айында Душанбеде өтетін терроризм және радикализммен күрес бойынша өтетін Халықаралық конференция мәселесі де сөз болды.