Олардың арасында Қазақстан бойынша «Total» компаниясының вице-президенті Тьерри Дарригран, «DV» консалтингтік компаниясының президенті Денни Верре және «MEDEF International» қауымдастығының директоры Жеральдин Ламбле болды.
Кездесу барысында Қазақстан мен Франция мүдделерін қиыстыру призмасы арқылы Мемлекет басшысы Жолдауының негізгі бағыттары талқыланды. Тараптар, әсіресе, экономиканы цифрландыру, агроөнеркәсіптік кешен, логистикалық инфрақұрылым, «смарт сити» салалары және білім беру бағдарламаларында екіжақты ынтымақтастықты тереңдетудің зор әлеуетін атап өтті.
Жолдаудың мәтіні Іскерлік кеңес хатшылығы мен кәсіпкерлік қауымдастығына кіретін барлық француз компанияларына талдау және Қазақстанның жаңа мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін жобаларға қатысу бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу үшін таратылатын болады.
Талқылаудың қорытындысы бойынша Ж. Ламбле «MEDEF» алаңында Қазақстанмен ынтымақтастыққа мүдделі орта бизнес өкілдерімен дөңгелек үстел ұйымдастыруды ұсынды. Тараптар, сондай-ақ бизнес-ахуалды жетілдіру бойынша кеңес хатшылығымен инвесторлардың ұсыныстарын дайындау тәжірибесін жалғастыруға келісті.
«Егемен-ақпарат»