19 Қараша, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 1192

715 рет
көрсетілді
24 мин
оқу үшін
2011 жылғы 20 қазан,      Астана, Үкімет Үйі «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының  Заңын іске асырудың кейбір мәселелері «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органының қызметкері өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде мертіккен кезде, сондай-ақ ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оның алуына құқығы бар біржолғы өтемақы төлеу қағидалары; 2) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының қызметкерлерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберу қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі    К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 1192 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органының қызметкері өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертіккен кезде, сондай-ақ ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оның алуына құқығы бар біржолғы өтемақыны төлеу қағидалары 1. Осы Қағидалар «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының құқық қорғау органының қызметкері өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертіккен кезде, сондай-ақ ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оның алуына құқығы бар біржолғы өтемақыны төлеу тәртiбiн айқындайды. 2. Бiржолғы өтемақыны төлеу құқық қорғау органының қызметкерiне не оны алуға құқығы бар адамға мынадай жағдайларда жүргізіледі: 1) құқық қорғау органының қызметкерi қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда не орындалуы міндетті қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған жарақат салдарынан қызметтен босатылғаннан кейiнгi бiр жыл iшiнде; 2) құқық қорғау органының қызметкерiне қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде мертіккен (жарақат алған, жараланған, контузия алған) жағдайда, науқастануы салдарынан болған мүгедектiк белгiленгенде; 3) құқық қорғау органының қызметкерi қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде мүгедектiкке соқтырмайтын ауыр немесе жеңіл зақымданған (жарақат алған, жараланған, контузия алған) жағдайда. 3. Бiржолғы өтемақыны алу үшiн құқық қорғау органының қызметкері немесе оны алуға құқығы бар адам қызметкердің қызмет өткеру орны бойынша құқық қорғау органының қаржы бөлімшесіне (бұдан әрі – қаржы бөлімшесі) мынадай құжаттарды ресімдеп, ұсынады: 1) қызметкер қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) не орындалуы міндетті қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған жарақаты салдарынан қызметтен босатылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайтыс болған жағдайда: осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш; қайтыс болғандығы туралы куәлiктiң нотариалды расталған көшiрмесi; қаза болған (қайтыс болған) тұлғаның қызмет өткерген орнынан берiлген қаза болуының (қайтыс болуының) жағдаяттары туралы қорытындының көшiрмесi; егер төлемақыны алуға өтiнiш берушi қаза тапқан (қайтыс болған) тұлғаның мұрагерi болып табылса, мұраға құқығы туралы куәлiк; қаза тапқан (қайтыс болған) тұлғаның қаза тапқан (қайтыс болған) күнгi ақшалай үлесi туралы қаржы бөлімшесінің анықтамасы. Бұдан басқа, Осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген оқиғалар туындаған кезде денсаулығына келтiрiлген зақымның салдарынан бiр жыл өтпей қайтыс болған қызметкердiң қаза табу (қайтыс болу) фактiсi бойынша әскери-дәрiгерлiк комиссияның (бұдан әрi – ӘДК) қорытындысы ұсынылады; 2) қызметкерге осы Қағиданың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген оқиғалар туындаған кезде денсаулығына келтiрiлген зақымнан болған мүгедектiктi белгiлеу кезiнде: осы Қағидалардағы 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш; қызметкердiң қызмет өткерген жерiнен берiлген мертігу (жарақат алу, жаралану, контузия алу), науқастану жағдайлары туралы қорытындының көшiрмесi; ӘДК-ның мөрiмен куәландырылған денсаулыққа келтiрiлген зақымның фактiсiн растайтын ӘДК берген қорытындының көшiрмесi; қызметкердiң мертігу (жарақат алу, жаралану, контузия алу), науқастану болған күнгi ақшалай үлесi туралы қаржы бөлімшесінің анықтамасы; мүгедектiк туралы анықтаманың көшiрмесi; 3) қызметкер осы Қағидалардың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген оқиғалар туындаған кезде денсаулығына келтiрiлген ауыр немесе жеңiл зақым алған жағдайда: осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш; қызметкердiң қызмет өткерген жерiнен ауыр немесе жеңiл зақым алған жағдаяттары туралы қорытындының көшiрмесi; емдеу-профилактикалық мекеменiң не ӘДК-ның денсаулыққа келтiрiлген зақымның ауырлығы туралы анықтамасы; қызметкердiң оқиға болған күнгі ақшалай үлесi туралы қаржы бөлімшесінің анықтамасы. 4. Қызметкер немесе бiржолғы өтемақы алуға құқығы бар адам өтемақы төлеу туралы өтiнiш жасаған кезде қаржы бөлімшесі осы Қағиданың 3-тармағында көрсетiлген құжаттар ресімделуінің толықтығы мен дұрыстығын тексереді және мекеме басшысының атына ресiмделген өтiнiштi 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы құқық қорғау органының қызметкері қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертіккен жағдайда төленетін, сондай-ақ ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда өтемақы алуға құқығы бар адамдарға берілетін біржолғы өтемақыны төлеуге өтiнiштерді тiркеу журналында тiркейді. Осы Қағиданың 3-тармағында көрсетiлген тиiстi құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда өтiнiш тiркелуге жатпайды. 5. Егер құқық қорғау органы қызметкерiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқарумен байланысы жоқ жағдайлар салдарынан қаза табуы (қайтыс болуы), жарақаттануы, жаралануы (зақымдануы), науқастануы заңнамада белгiленген тәртiппен дәлелденсе, тиiстi құжаттар ресiмделмейдi және бiржолғы өтемақы төленбейдi. 6. Бiржолғы өтемақы төлеудi басшының не уәкілетті органның шешімі негізінде қаржы бөлімшесі республикалық және жергiлiктi бюджеттерде осы мақсатқа көзделген қаражат есебiнен Қазақстан Республикасы аумағындағы екiншi деңгейдегі банктегі алушының жеке шотына аудару жолымен, сондай-ақ пошта арқылы өтініш берілген сәттен бастап екі ай ішінде алушының жеке шотына аудару жолымен жүргiзедi. Кәмелетке толмаған алушыға бiржолғы өтемақыны төлеу бұл туралы қамқоршылық және қорғаншылық органдарына, сондай-ақ оның заңды өкiлдерiне өтiнiш берiлген сәттен бастап екi ай iшiнде бiр мезгілде хабарлай отырып, оның тұрғылықты жерi бойынша екiншi деңгейдегі банктегі тек оның жеке шотына аудару жолымен жүргiзiледi. 7. Құқық қорғау органдарының кадр қызметтері қызметкерлерге немесе өтемақы алуға құқығы бар адамдарға бiржолғы өтемақы төлеу туралы өтiнiштердi қаржы бөлімшелеріне беру қажеттiлігі туралы мiндеттi түрде жазбаша хабарлайды. 8. Қызметкерлердiң қаза табуы (қайтыс болуы) немесе зақымдануы жағдайындағы зиянды өтеу бойынша жұмысқа жалпы басшылық етудi құқық қорғау органдарының кадр және қаржы қызметтері жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органының қызметкері өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертіккен кезде, сондай-ақ ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оның алуына құқығы бар біржолғы өтемақыны төлеу қағидасына 1-қосымша Кiмге ____________________________ (құқық қорғау органы басшысының лауазымы, арнайы атағы немесе сыныптық шені тегi, аты-жөнi) кiмнен ___________________________ (өтiнiш берушiнiң тегі, аты-жөнi) _______________________ мекен-жайы бойынша тұратын өтiнiш жасаушының СТН № __________________________ Бiржолғы өтемақы төлеуге арналған өтініш Сiзден _____________________________________________________________________________ (залалдың орны толтырылуы тиiс оқиғаның сипаты көрсетiледi) байланысты маған бiржолғы өтемақы төлеуiңiздi өтiнемiн. Маған тиiстi соманы _______________________________________________________________ _________________________________________________________________________________ (банктiң атауы, банктiң СТН-i, банктiң МФО-сы, алушының жеке есеп шотының № немесе оның байланыс Бөлiмшесi арқылы аудару жағдайында оның мекен-жайы) Өтiнiшке мынадай құжаттарды: 1.___________________________ 2.___________________________ 3.___________________________ 4.___________________________ қоса берiп отырмын. Өтiнiш иесiнiң қолы ______________ 201 жылғы « » Құжаттар 201 жылғы « »         қабылданды. Қолы _____________________________________________ (құжаттарды қабылдаған адамның қолы) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органының қызметкері өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертіккен кезде, сондай-ақ ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оның алуына құқығы бар біржолғы өтемақыны төлеу қағидасына 2-қосымша Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының қызметкері қызметтік міндеттерін немесе қызметтік борышын атқару кезеңінде қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертіккен жағдайда оған біржолғы өтемақы төлеуге арналған өтiнiштердi тiркеу ЖУРНАЛЫ №    Мертіккен қызметкердің, оның ішінде қайтыс болған адамның тегі, аты-жөні, және оның мекен-жайы    Қайтыс болған қызметкердің асырауындағының, мұрагерiнiң Т.А.Ә. және оның мекен-жайы    Залалдың орнын толтыру себебі (қаза болу, мүгедектігі, ауыр немесе женіл мертігу)    Бiржолғы өтемақы сомасы    Төлем құжа- тының № мен күні    Егер өтiнiштi тiркеуден бас тартылса, онда бас тартудың себебi 1    2    3    4    5    6    7 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 1192 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының қызметкерлерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына және халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберу қағидалары 1. Осы Қағидалар «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына және Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдарға (бұдан әрі – халықаралық ұйымдар) іссапарға жіберу тәртібін айқындайды. 2. Қазақстан Республикасының тиiстi заңдарында айқындалған мiндеттердi орындау мақсатында Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін іссапарға жіберу (бұдан әрі – іссапарға жiберiлген тұлғалар): 1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне, Қазақстан Республикасының Парламентi палаталарының аппараттарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне – Қазақстан Республикасының Үкiметі актісінің негізiнде; 2) Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарына – олардың бірінші басшыларының келісімімен құқық қорғау органы актісінің негізiнде; 3) халықаралық ұйымдарға – егер тиісті ратификацияланған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Үкiметі актісінің негізiнде жүзеге асырылады. 3. Іссапарға жіберілген тұлғалардың тиісті құқық қорғау органдарының қызметкері мәртебесі сақталады. 4. Іссапарға жiберiлген тұлғаларға Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлігі, Қазақстан Республикасы Парламентi палаталарының аппараттары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi және Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдары қызметкерлерiнiң тиiстi санаттары үшiн белгіленген лауазымдық жалақылар, сондай-ақ арнайы атағы (сыныптық шені) бойынша қолданыстағы заңнамада белгіленген жалақы (қосымша төлем) төленедi. Бұл ретте, лауазымдық жалақысын белгілеуге құқық беретін, іссапарға жіберілген тұлғалардың мемлекеттік қызмет стажын санау, тиісті құқық қорғау органының кадр қызметі ұсынатын анықтама негізінде жүзеге асырылады. Iссапарға жiберiлген тұлғаларға лауазымдық жалақылар, сауықтыруға арналған жәрдемақы мен сыйлықақы төлеу Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшілігiн, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң палаталары аппараттарын, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiн және Қазақстан Республикасының басқада мемлекеттік органдарын ұстауға көзделген қаражат есебiнен жүргізiледi. Іссапарға жiберiлген тұлғаларға сыйлықақы беру Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң палаталарының аппараттары, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң және Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiппен лауазымдық жалақыға негiзделе отырып жүзеге асырылады. 5. Халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қаражат есебінен халықаралық ұйымдар қызметкерлерінің тиісті санаттары үшін белгіленген, егер тиісті ратификацияланған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, жалақы төленеді. 6. Іссапарға жіберілген тұлғаларды өзге де төлемдер, сондай-ақ заттай мүлiкпен қамтамасыз ету іссапарға жіберген Қазақстан Республикасының тиісті құқық қорғау органдарын, ұстауға көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылады. Бiр жолғы сипаттағы қалған төлемдер iссапарға жiберiлгенге дейiн атқарған соңғы лауазымы бойынша лауазымдық жалақысынан есептеледі. 7. Іссапарға жiберiлген тұлғаларға кезекті арнайы атақтар мен сыныптық шендер беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 8. Мемлекеттік органдарға іссапарға жiберілген тұлғаларды аттестаттау тиісті мемлекеттік органдардың қызметкерлерi үшін белгiленген тәртiппен жүргізiледi, ал халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген тұлғаларды аттестаттау құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі. 9. Iссапарға жiберiлген тұлғаларды көтермелеу және тәртіптік жауапкершілікке тарту Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң палаталарының аппараттары, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң және Қазақстан Республика­сының басқа да мемлекеттік органдарының қызметкерлерi үшін белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған осы мемлекеттік органдардың өкілеттілігі шегінде жүргізіледі. 10. Iссапарға жiберiлген тұлғаларды зейнетақылық қамсыздандыру Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте, олардың Қазақстан Республикасы Президентiнің Әкiмшiлiгiнде, Қазақстан Республикасының Парламентi палаталарының аппарат­тарында, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде және Қазақстан Республи­касының басқа да мемлекеттік органдарында атқаратын лауазымдары бойынша халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген тұлғалар үшін – іссапарға жіберілгенге дейін атқарған соңғы лауазымы бойынша лауазымдық жалақылар есепке алынады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 қазандағы №1192 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі 1. «Қазақстан Республикасының өсiмдiк карантинi жөнiндегi мемлекеттiк қызмет қызмет­керлерiн нысандық киiммен қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 18 маусымдағы № 515 қаулысы. 2. «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 желтоқсандағы № 1644 қаулысы. 3. «Сот приставтарының нысандық киімі мен ерекшелік белгілері туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 16 қарашадағы № 1726 қаулысы. 4. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 27 желтоқсандағы № 1644 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 21 тамыздағы № 1287 қаулысы. 5. «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары қызметкерінің қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезеңiнде оның қаза табуы (қайтыс болуы) немесе зақымдануы жағдайында бiржолғы өтемақы төлеудiң ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы № 97 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 5, 28-құжат). 6. «Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының қызметкерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын aтқapу кезеңiнде қаза тапқан (өлген) немесе мертiккен жағдайда және қайтыс болған немесе қаза болған қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi мен зейнет­керлерiн жерлеу үшiн бiржолғы өтемақы төлеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қарашадағы № 1260 қаулысы. 7. «Қазақстан Республикасындағы теңiз және iшкi су көлiгiндегi мемлекеттiк бақылау қызметкерлерiнiң нысанды киiмiнiң мәселелерi» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 1 қазандағы № 1013 қаулысы. 8. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 16 қарашадағы № 1726 қаулысына өзгерiс­тер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 1283 қаулысы. 9. «Әскери қызметшілердi, iшкі істер органдарының, қаржы полициясының, прокуратураның қызметкерлерiн Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттiк органдарына іссапарға жiберу тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 тамыздағы № 826 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 29, 384-құжат). 10. «Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының қызметкерi қызметтiк мiндеттерiн атқару кезеңiнде не қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған жарақат немесе мертiгу салдарынан қызметтен босатылғаннан кейiнгi бiр жыл iшiнде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда олардың асырауындағылары мен мұрагерлерiне бiржолғы өтемақы төлеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 ақпандағы № 114 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 6, 62-құжат). 11. «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерi қызметтік мiндеттерiн немесе қызметтік борышын атқару кезеңiнде мертiккен жағдайда оған, ал ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда өтемақы алуға құқығы бар адамдарға бiржолғы өтемақы төлеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 212 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 12, 118-құжат). 12. «Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерлерiне қызметтік мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезеңiнде мертiккен кезде, ал олар қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оны алуға құқығы бар адамдарға бiржолғы өтемақы төлеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылқы 4 сәуірдегі № 299 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 159-құжат). 13. «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамының қызмет өткеруi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 15 сәуірдегі № 363 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 17, 201-құжат). 14. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылңы 5 наурыздаңы № 212 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 қазандағы № 1011 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 37, 519-құжат). 15. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 желтоқсандағы № 1644 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 3 қарашадағы № 1093 қаулысы. 16. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 1 қазандағы № 1013 қаулысына өзгepicтep мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 29 қарашадағы № 1172 қаулысы. 17. «Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерін мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 шілдедегі № 614 қаулысы. 18. «Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың қызмет өткеруі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 шілдедегі № 639 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 26, 302-құжат). 19. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 27 желтоқсандағы № 1644 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 2 қарашадағы № 1034 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 42, 488-құжат). 20. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 шілдедегі № 639 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 68 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 2, 31-құжат). 21. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 18 қарашадағы № 1068 қаулысының 30-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 43, 492-құжат). 22. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қарашадағы № 1068 қаулысының 28-тармағы. 23. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 16 маусымдағы № 913 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 30, 271-құжат). 24. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 шілдедегі № 639 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 23 шілдедегі № 1125 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 34, 323-құжат). 25. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 шілдедегі № 639 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 24 сәуірдегі № 350 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 31, 244-құжат). 26. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 тамыздағы № 826 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 шілдедегі № 694 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 42, 378-құжат). 27. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 27 желтоқсандағы № 1644 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 қыркүйектегі № 873 қаулысы. 29. «Кеден органының лауазымды адамына қызметтік міндеттерін орындауына байланысты, өзінің кәсіби қызметімен одан әрі айналысуына мүмкіндік бермейтіндей болып мертіккен не денсаулығына өзге де зақым келген кезде, сондай-ақ ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 қазандағы № 1034 қаулысы.