Ауа райының нашарлауына байланысты ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 96 адамды, оның ішінде 9 баланы құтқарып, сондай-ақ 18 автокөлікті шығарды.
Айта кетейік, ауа райының нашарлауы туралы дауылды ескертулер мен автожолдардың жабылуы туралы ақпарат халыққа СМС-хабарламалар, ТЖМ, аумақтық бөлімшелердің интернет-ресурстары және әлеуметтік желілері арқылы жеткізіледі.
«ТЖМ азаматтарды сақтық шараларын сақтауға, дауылды ескертулерді қадағалауға және қолайсыз ауа райы жағдайында алыс сапарларға шықпауға шақырады. Ауыл тұрғындарына ауа-райының нашарлауы жағдайында ұзақ серуендемеуге кеңес береді», делінген ведомство хабарламасында.
Бүгін ауа райы қандай болады?