Алдын ала мәліметтерге сәйкес, талапкерлердің 67 пайызы шекті балл жинаған. Бес пән бойынша орташа көрсеткіш 65 балды құрады. Ең жоғары нәтиже – 140 балл. Бұл көрсеткішке Павлодар облысының түлегі Әсет Альтаир қол жеткізді.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлер үшін де қажетті жағдайлар жасалған, биылғы тестілеуге осы санаттағы 392 білім алушы қатысты.
Талапкерлер тест тапсырмаларының мазмұнына қатысты тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады. Ал техникалық себептер бойынша апелляциялар тестілеу барысында қабылданады, нәтижелер бойынша, сертификаттар апелляция рәсімі аяқталғаннан кейін жеке кабинеттерде жарияланады.
Есік қаласында түлектер интернеттің өшуіне байланысты ҰБТ-ны қайта тапсырады
ҰБТ өткізілген үш апта ішінде 283 ереже бұзушылық тіркелді. Оның ішінде 168 талапкер смартфон, смарт көзілдірік, микроқұлаққап, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілген. Сондай-ақ 115 адам тестілеу кезінде тәртіп бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, олардың нәтижелері жойылған. Басқа адамның орнына тест тапсыру деректері анықталмаған. ҰБТ аяқталғаннан кейін осы жылдың 31 қазанына дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Ережелерді бұзу немесе тыйым салынған заттарды пайдалану фактілері анықталған жағдайда талапкерлердің нәтижелері жойылады.
ҰБТ кезінде жарық өшіп қалса, түлектердің нәтижесі қалай бағаланады? Министр жауап берді
Еске салсақ, биыл ҰБТ-ға қатысу үшін екі мүмкіндік бойынша 240 мыңға жуық талапкерден 446 мыңнан астам өтініш қабылданған.
Гаухар ОРАЗҒАЛИЕВА,
ЕҰУ студенті