Қазақстан • 30 Қаңтар, 2018

«Тәуелсіздік дәуірі». Еліміздің тарихи шежіресі

725 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жақында жарық көрген «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын парақтай отырып, шын мәнінде Қазақ елінің ұлы дәуірді бастан кешіп жатқанына еріксіз мойынсұнасың, тарихи шежіре көз алдымыздан сырғанап өте бастайды. Осынау сәтте санаңа ең алдымен біз кеше қандай едік, бүгін қандаймыз деген ғаламдық маңызды сауал туындайды. Естеріңізде болса, сол бір кеңестік дәуірде сүйікті Алматымызда метро салу әрбір қазақтың арманы емес пе еді?!. 

«Тәуелсіздік дәуірі». Еліміздің тарихи шежіресі

Фото: Ерлан ОМАРОВ, «Егемен Қазақстан»

Қазақстан тәуелсіздік ал­ған­ға дейін Кеңес Одағының құра­мында болып, күллі еліміздің сая­си, экономикалық, өнеркәсіп, өнді­ріс салаларының барлығы да бір орталықтан Мәскеуден бас­қа­рылды. Сондықтан да біз­дің ұрпақ үшін бүгінгі тәуел­сіздік­тің титтей жетістігі баға жет­пес өлшемге ие. Ең алғаш Ал­ма­тыда, Орталық Азия аума­ғында Ташкенттен кейін метро салу КСРО Жоспарлау коми­тетінің нұсқауы бойынша 1978 жылы бекітілген еді. Ол жобаны 1980 жылы КСРО Министрлер Кеңесі бекітті. Содан 1981 жы­лы Қазақстанда метро салу жұ­мыстарына алғашқы дайын­дық жұмыстары басталды. Бірақ, шын мәнінде алғаш рет 1989 жы­лы Алматы метросының алғаш­қы шұңқыры қазылды...

Бұл деректерді мен не үшін тізбелеп отырмын. Себебі Мәс­кеу заманында Алматыда метро салу ісінің қандай қиындықта бол­ғанын еске салғым келді. Шын мәнінде әсем қаламызда жер асты көлік қатынасын жүр­гізу еліміз тек тәуелсіздік алған­нан кейін ғана нақты ауқымда жүзеге аса бастады. Оның өзінде де жобалау, жоспарлау іс-ша­ра­лары созылып, Алматы метросы «ғасыр құрылысына» айналды.

2005 жылы Президент Нұр­сұл­тан Назарбаев бұл істі бұдан әрі соза беруге болмайтынын баса көрсетіп, тікелей назары­на алды. Метроға бөлінетін қар­жыны шашау шығармай бақы­лауда ұстаған Президентіміз 2005 жылдың 7 қарашасында «Алдағы жылы проходкалау ісін аяқтау керек те, 2006 жылдың аяғында – 2007 жылдың басында аялдама бекеттерін салу жұ­мыстарын жандандыру керек», деді. Ұлы дәуірдегі ұлы бастаманың жемісін қазақ халқы 2011 жылдың 11 желтоқсанында көрді де. Сол күні Алматы метросымен алғашқы жолаушы жолға шықты.

Осының өзі Қазақстанның тәуелсіздік дәуіріндегі бірден бір қол жеткізген халықтық жеңі­сінің көрінісі дер едім. Прези­денттің аталмыш кітабын оқы­ған сайын біздің болашақ ұрпа­ғымыз Қазақстандағы әрбір игілікті істің еліміздің Тұң­ғыш Президенті Нұрсұлтан Назар­баевтың салиқалы саясатының нәти­жесінде дүниеге келгенін түсін­се, ұғынса деп тілеймін. Кеше­гідей Мәскеудің қарама­ғында жүрсек, метро былай тұр­сын, бүгіндері күллі әлем халқы­ның назарына ілініп үлгер­ген Астанадай сұлу қала салынар ма еді Арқа төсінде, кім білсін?! Сол себепті де тәуел­сіздіктің жемісін бағалай білейік әманда! Президент осы кітабында «Сол жылдардың ала­сапыран оқиғалары біз үшін ащы да маңызды сабақ болды» деп жазады. Бүгінде халық 90-жыл­дардың тауқыметін ұмыт­ты. Алматы тұрғындары күн­­де­­лікті өмірде метромен жол тар­татын болады. Ғажап емес пе?!

Теңдесі жоқ асыл мұра – «Тәуелсіздік дәуірі» кітабында өткен жолдарымыздың барлығы айна-қатесіз, жіпке тізгендей етіп жазылулы тұр.

Тәуелсіздік бесігіне ай­нал­ған Алматының метросында бүгінде 1700-ден астам адам ең­бек етеді. Олардың 1000-нан астамы ті­келей метро құры­лы­сымен айна­лысады. Бір кез­дері қол жетпес армандай болған Алматы метро­поли­те­нінің екінші кезегі аяқта­луға жақындады. Атап айтсақ, 2020-2021 жылдары бүгінгі 8 бекетке «Қалқаман» мен «Ба­тыс автобекет» стансалары қосы­латын болады. Үшінші кезеңнің жобасы да дайын.

Қазақстанда экономикалық ілгерілеу болмаса қыруар қара­жатты талап ететін метро құры­лысы әлдеқашан теже­­лері ақиқат. Метро құры­лысы жалғасу үс­тінде. Мұ­ның бар­лығы да елін сүйген Елба­сының бас­тауымен республикамыздың бүгінгі әлем­нің озық 30 елінің қатарынан көрінуге ұмтылған құлшынысы дер едім. Өзіміз бас­тан кешіп отырған ұлы дәуір шежіресінен мен осыны ұқтым. Қандай бір істе болмасын адам факторының алғы шепте жүретіні өмір заң­ды­лығы. Президенттің домна пешіндегі металлург қызме­тін ат­қарған сәттері мені ылғи да бір кезде өзімнің «Оңтүстік­шах­тақұрылысында» проходшы, кен шебері, учаске басшысы болған сәттерімді есіме салады. Алматыға ең алғаш жер асты жұмыстарын жүргізу үшін келген 1990 жылдар көз алдыма келеді. «Байқоңыр» мен «Абай» 18-бис және 112- бис тіреулерін қадаған кездерім көз алдымда...

«Тәуелсіздік дәуірін» оқи отырып еліміздің өміріндегі ұлы өзгерістерге тірнектеп қосқан елі­міздің әрбір азаматының үлесі айшықтала түсетінін бай­қа­дым. Сондықтан да бұл кітап шын мәнінде тарихи естелік­тер­ге толы халқымыздың ұлы тари­хының шежіресі дер едім.

Балажан ҚАЛИБЕКОВ,
Қазақстан Республикасының Құрметті құрылысшысы

АЛМАТЫ