Қазақстан • 31 Қаңтар, 2018

Алматыда «Екі әлем – екі тағдыр» атты көр­ме ашылды

124 реткөрсетілді

Ә.Қастеев атындағы Мем­ле­кеттік өнер му­зейінің Орталық көрме залында Алан Мұхит­динов пен Әлібек Қара­тайдың «Екі әлем – екі тағдыр» атты көр­месі ашыл­ды. Көрме дү­ниені қабылдау сезімі бас­қаларға ұқсамайтын екі бозбаланың шығар­машылығын қамтыған. Табиғат оларды ерекше етіп жаратты. Аутизм оларға өздерінің ойларын білдіруге ке­дергі бола алған жоқ. Бала кез­дерінен олар өздерінің шеберлігін шығармашылық арқылы көрсетіп келеді. Көрмеге 100-ден астам туынды қойылған.

Әлібек пен Алан құрдас, жастары 19-да. Әлібек кес­­­кінде­мемен әуестенеді, де­ген­мен, оның сүйікті ісі плас­тилиннен жапсырып, өзінің төл мультфильмдерін жасау. Бұл оның үй-ішіне күтпеген оқиға болған көрінеді. Ол өз бетімен компьютерлік бағдарламаларды меңгеріп, солардың көмегімен анимация жасайды. Түрлі сюжет ойлап тауып, өзінің пластилин кейіпкерлеріне түрлі мінез-құлық пен қасиет береді. Әлі­бек мультфильмдерінің сценарийлерін де өзі жазады, оларды өзі дыбыстайды. Ол ештеңені де екінші орын­ға қой­майды, әрбір детальды әбден жетілдіреді. Әр жапсырылған мүсінге ерекше ден қояды да сол кейіпкерлерімен дос болып кетеді. Әлібектің Т.Жүр­генов атындағы ҚазҰӨА ұс­таз­дарынан алған сабағы зая кеткен жоқ. Академиялық стильде орындаған жұмыс­тары – соның нәтижесі. 

– Алан акварельмен, гуашь­­пен, пастельмен және қарын­дашпен сурет салады. Оның «Шар­лар», «Кубиктер», «Үш­бұ­рыштар» деп аталатын жұмыс­тары ерекше назар аудартады. Бұларды ол майлы бояумен орын­даған. Бұл – геометриялық фигуралы абстрактылы композиция. Таңдалып алынған материалдың жылы қанық түстерінің арқасында олардың жұмсақ фактуралары қарама-қарсы түстерді жақындастыра түседі. «Әйнектің арғы жа­ғында» атты картина­сында суретші жып-жылы сары ала жамылғысының үсті­не жайлап қыс түсіп келе жатқан күздің көңіл-күйін береді. Алан – әсершіл де зерек бала. Бір күні ол ковбойлар туралы кино көрді. Соның әсерінен «Шериф болғым келеді» картинасын жазды. Бұдан баланың өзін ерлік пен намысты ту еткен, әлсіздерді қорғайтын кейіп­керге ұқсатқысы келген талабын көресіз, – дейді көрме жетекшісі Наталия Баженова. 

Ә.Қастеев атындағы МӨМ ерекше мұқтаж су­рет­шілерге ба­ғытталған әлеу­меттік ма­ңыз­ды жобаларды ұдайы қолдап келеді. Бұл – ерекше дарынды балалардың бо­ла­шақтағы өмірлік жолын табуына қолдан келген мүмкіндікті жасап, қолдау көрсетуге ниет етіп отырған «Darai» және «Pioner concept» Қо­ғамдық қорларының сынамалы жобасы. 

Арман ОКТЯБРЬ,
«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Көш басында - Канело

Спорт • Кеше

Ауылда да субұрқақ бар

Аймақтар • Кеше

Шыңға біткен шынардай Шыңғыс еді!..

Руханият • 14 Маусым, 2019

Мерейі тасыған отбасы

Руханият • 14 Маусым, 2019

Бірлесіп күресуге шақырды

Саясат • 14 Маусым, 2019

«Реал» 303 миллион еуро жұмсады

Футбол • 14 Маусым, 2019

Олимпиада жолдамасын иеленді

Спорт • 14 Маусым, 2019

Еуропа ойындары басталады

Спорт • 14 Маусым, 2019

Демалыс аймағы ашылды

Аймақтар • 14 Маусым, 2019

Мұражайлар фестивалі

Аймақтар • 14 Маусым, 2019

Мейіргер Шархат

Аймақтар • 14 Маусым, 2019

Робот арқылы операция жасайды

Аймақтар • 14 Маусым, 2019

Ұқсас жаңалықтар