Әлібек пен Алан құрдас, жастары 19-да. Әлібек кескіндемемен әуестенеді, дегенмен, оның сүйікті ісі пластилиннен жапсырып, өзінің төл мультфильмдерін жасау. Бұл оның үй-ішіне күтпеген оқиға болған көрінеді. Ол өз бетімен компьютерлік бағдарламаларды меңгеріп, солардың көмегімен анимация жасайды. Түрлі сюжет ойлап тауып, өзінің пластилин кейіпкерлеріне түрлі мінез-құлық пен қасиет береді. Әлібек мультфильмдерінің сценарийлерін де өзі жазады, оларды өзі дыбыстайды. Ол ештеңені де екінші орынға қоймайды, әрбір детальды әбден жетілдіреді. Әр жапсырылған мүсінге ерекше ден қояды да сол кейіпкерлерімен дос болып кетеді. Әлібектің Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА ұстаздарынан алған сабағы зая кеткен жоқ. Академиялық стильде орындаған жұмыстары – соның нәтижесі.
– Алан акварельмен, гуашьпен, пастельмен және қарындашпен сурет салады. Оның «Шарлар», «Кубиктер», «Үшбұрыштар» деп аталатын жұмыстары ерекше назар аудартады. Бұларды ол майлы бояумен орындаған. Бұл – геометриялық фигуралы абстрактылы композиция. Таңдалып алынған материалдың жылы қанық түстерінің арқасында олардың жұмсақ фактуралары қарама-қарсы түстерді жақындастыра түседі. «Әйнектің арғы жағында» атты картинасында суретші жып-жылы сары ала жамылғысының үстіне жайлап қыс түсіп келе жатқан күздің көңіл-күйін береді. Алан – әсершіл де зерек бала. Бір күні ол ковбойлар туралы кино көрді. Соның әсерінен «Шериф болғым келеді» картинасын жазды. Бұдан баланың өзін ерлік пен намысты ту еткен, әлсіздерді қорғайтын кейіпкерге ұқсатқысы келген талабын көресіз, – дейді көрме жетекшісі Наталия Баженова.
Ә.Қастеев атындағы МӨМ ерекше мұқтаж суретшілерге бағытталған әлеуметтік маңызды жобаларды ұдайы қолдап келеді. Бұл – ерекше дарынды балалардың болашақтағы өмірлік жолын табуына қолдан келген мүмкіндікті жасап, қолдау көрсетуге ниет етіп отырған «Darai» және «Pioner concept» Қоғамдық қорларының сынамалы жобасы.
Арман ОКТЯБРЬ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ