Облыстық мәслихаттың хатшысы Владимир Берковский басқа қызметке ауысуына байланысты міндетінен уақытынан бұрын босатылды. Облыс әкімі Болат Бақауов Бақыт Бексейітованы жаңа қызметке сайлануымен құттықтады:
-Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, өңірдің әр тұрғынының өмір сүру деңгейінің көтерілуі. Кәсіби тәжірибеңіз біздің депутаттармен бірлескен жұмысымызға серпін береді деп ойлаймын,-деді.
2017 жылы зейнет жасына толуына байланысты Бақыт Бексейітова облыстық білім басқармасы басшысы қызметінен босатылды. Облыс орталығындағы №20-шы Қамзин сайлау бөлімі бойынша облыстық мәслихатқа депутат болып сайланды. Бақыт Мақанқызы мемлекеттік қызметте 20 жылдай уақыт еңбек етіп келеді.
Фарида Бықай,
«Егемен Қазақстан»
Павлодар