Сондықтан да оған әр өңір өзіндік бір соны қөзқарас тұрғысынан келе білсе, мұның өзі аталмыш бағдарламаны мазмұн жағынан да, түр жағынан да байыта түсетініне күмән келтіруге болмайды.
Осы орайда Ақтөбе облысында қолға алынған «Түлек kz» жобасы «Туған жер» бағдарламасын түрлендіре түсуге септігін тигізе алатын айрықша жоба деуге толық негіз бар. Оның бас-
ты мақсаты бірінші кезекте облыс мектептерін бітірген түлектердің ұшқан ұясы мен туған жеріне деген перзенттік сүйіспеншілігі мен махаббатын тереңдету болып отыр. Аталмыш жоба өңірдегі білім шаңырақтарында түлектер туралы жан-жақты мәліметтер мен деректер жазылған сайттар жасақтаудан бастау алды.
Бір жақсысы, қазақтың талантты композиторы Әсет Бейсеуовтің әнінің мәтінінде айтылғандай, бір ауылдан түлеп ұшқан жастардың қамшы салдыратын түрлері көрінбейді. Олар туған жер мен туған топырақ алдындағы парыз мен қарыз ұғымдарын о бастан-ақ көкейлеріне зерделей білгенін неге айтпасқа. Соның арқасы шығар, өңір түлектері былтыр туған жерінің одан әрі түлеуі үшін жалпы сомасы 1 миллиард 600 миллион теңге көлемінде көмек көрсетіпті. Олар мұны туған жер алдындағы парыздарының бір өтеуі деп есептейді.
«Түлек kz» жобасының басы-қасында жүргендер биыл түлектермен арадағы байланыстар мен қарым-қатынастарды одан әрі тереңдете түсуді ұйғарып отыр.
Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан»
АҚТӨБЕ