Ұлттық Олимпиадалық комитеті Спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатовтың айтуынша, қазақстандық спортшыларға Сочи Олимпиадасындағы нәтижені жақсарту тапсырмасы қойылған.
«Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 9 түрінен 57 жолдама иеленді. Құрама команда алдына Сочиде өткен Олимпиададан жоғары нәтиже көрсету тапсырмасы қойылды. Фристайл-могул, шаңғы спорты және коньки спорты түрлерінен үміт күтетіндей жақсы нәтижелеріміз бар», деді Елсияр Қанағатов.
Жуырда Пхенчхан Олимпиадасына жолдама алған 46 спортшының есімі жарияланды. 57 жолдаманың 10-ы биатлоншыларға, 12-сі шорт-трекшілерге, 12-сі конькимен жүгірушілерге тиесілі. Сондай-ақ шаңғышылардың еншісінде – 7, фристайлдың могул түрінен – 5, акробатикадан – 2, тау спортынан – 1, трамплиннен секіруден – 1 және шана спортынан 1 жолдама бар. 2014 жылғы Олимпиадамен салыстырғанда биыл жолдама саны да, қатысатын спорт түрлерінің қатары да аз. Сочи Олимпиадасына Қазақстан құрамасынан спорттың 11 түрінен 58 спортшы қатысқан еді.
2018 жылғы Олимпиадаға қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі:
Биатлон:
1. Василий Подкорытов
2. Максим Браун
3. Тимур Хамитгатин
4. Роман Еремин
5. Владислав Витенко
6. Галина Вишневская
7. Дарья Климина
8. Ольга Полторанина
9. Елизавета Бельченко
10. Алина Райкова
Конькимен жүгіру:
11. Роман Креч
12. Денис Кузин
13. Федор Мезенцев
14. Артем Крикунов
15. Станислав Палкин
16. Екатерина Айдова
Мәнерлеп сырғанау:
17. Денис Тен
18. Элизабет Тұрсынбаева
19. Айза Мамбекова
Шаңғы жарысы:
20. Алексей Полторанин
21. Евгений Величко
22. Денис Волотка
23. Виталий Пухкало
24. Анна Шевченко
25. Елена Коломина
26. Валерия Тюленева
Шорт-трек:
27. Абзал Әжғалиев
28. Нұрберген Жұмағазиев
29. Денис Никиша
30. Еркебұлан Шамұханов
31. Мерсайд Жақсыбаев
32. Анастасия Крестова
33. Ким Ионг А
Фристайл-Могул:
34. Дмитрий Рейхерд
35. Павел Колмаков
36. Юлия Галышева
37. Аяулым Әмренова
Акробатика:
38. Жанбота Алдабергенова
39. Аяна Жолдас
40. Ақмаржан Қалмұрзаева
41. Маржан Ақжігіт
42. Ильдар Бадрутдинов
Трамплиннен секіру:
43. Сергей Ткаченко
Тау спорты:
44. Игорь Закурдаев
45. Мария Григорова
Шана спорты:
46. Никита Копыренко.
Әли БИТӨРЕ,
«Егемен Қазақстан»