Аймақтар • 02 Ақпан, 2018

«АкТеп» – агрокластер құрудың басты базасы

526 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Республика Президенті Н.Назарбаевтың биылғы Қазақ­стан халқына Жолдауы жария­ланған кезден кейінгі еліміз­дегі ауыл шаруашылығы қызмет­кер­лерінің кезекті жиыны Ақтөбеде өткізілді.

«АкТеп» – агрокластер құрудың басты базасы

Оған арнайы келген Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы ми­нистрі Өмірзақ Шөкеев облыс әкім­дерінің ауыл шаруашылығы сала­сына жетекшілік жасайтын орын­басарлары және өңірлердегі ірі агро­өнеркәсіп кешенінің жетек­ші­лері алдында Жолдаудағы үшін­ші міндетте қойылған талап­тарға қа­тысты алдағы кезде ат­қары­ла­тын істер жөнінде егжей-тег­жейлі айтып берді. Осыған байланыс­ты Үкіметте саланы алға қарай да­мы­тудың басым бағыттары бел­гі­ленген. Біздің қазіргі іс-қи­мы­лымыз осы бағыттар бойынша жү­йелі жұмыс жүргізуге бағыт­талуы тиіс, деп атап көрсетті Ө.Шөкеев.

Өңірге екі күндік жұмыс сапары кезінде сала басшысы мұндағы агроөнеркәсіп кешенінің жай-күйі­мен және осы бағыттағы бір­­қатар нысандармен таныс­ты. Сон­дықтан да ол жиында осы мәсе­лелерге байланысты көңіл­ге түйгендерін Жолдау талап­тары мен сабақтастыра отырып тү­йін­д­еп берді. Айталық, Ө.Шө­кеев­тің мәлімдеуінше, ай­мақ­тағы «АкТеп», «Айс» және «Ақтөбе ет кластері» ЖШС секіл­ді өңдеуші құрылымдар еңбек өнімділігін арттыру жөнінде оң нәтижелерге қол жеткізе білген. Ал­ғашқы атал­ған нысанда агрокластер құру ісі­нің құптарлық көріністері бар екені де сала бас­шысының оң ба­ға­сына ие болды. Осындай тәжіри­б­е­лер­ден үй­реніп, оны әрі қарай дамыта беру­дің тиімділігі мол, деді ол. 

Ө.Шөкеевтің өңірге сапары барысында ет кластерін дамытудың және ет экспорты көлемін одан әрі ұлғайтудың толғағы жеткен мәселелері талқыланды. Бұған ең қажетті алғышарттың бірі – көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту. Біз ежелден мал өсірген, осы саланың жай-күйін жетік білетін халықтың ұрпағымыз. Қазіргі қазақтың ұлан-байтақ даласы мен құнарлы жері жайылымдық мал шаруашылығын дамытуға өте ыңғайлы. Солай бола тұра мал, соның ішінде ірі қара малының өнімдері бізге импорттық жолмен келуі қаншалықты тиімді. Оның ішінде экспорттық мал өнімдерін, соның ішінде сиыр еті экспортын ұлғайта түскеніміз жөн емес пе. Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Ө.Шөкеевтің қатысуымен өткі­зілген «Ақылды технология­лар – агронеркәсіп кешенін қар­қын­ды дамыту мүмкіндігі» атты респуб­ликалық семинарға қатысушылар осы мәселелер төңірегінде де жан-жақты ой-пікірлер алмасты.

Республикалық семинарда Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапар­баев агроөнеркәсіп кешенін өр­кендету ісіне тұтас­тай ел өңі­рінде және облыста атқарылуға тиісті кейбір мәсе­лелерге тоқталды. Оның бірін­шісі фермерлер мен шағын ауыл­шаруа­шылық өнімін өндіруші­лерге қызмет көрсететін бірыңғай орталық құру болып табылады. Мұндай жағдайда артық шы­­ғындар азайып, шағын агро­құ­ры­­­лымдар қызметінің тиім­ділі­гі көтеріле түседі. Олар әлеке­дей жалаңдаған алыпсатар­лар мен делдалдарға жем болмайды. Сон­дай-ақ өңір басшысы экс­портт­ық мал өнімдері үлесін кө­бейту үшін әлі де пайдал­а­ныл­­май жүрген резервтер мен мүм­кін­діктерді іске қосу қажеттігін айтты.

Сапар қорытындысында Ө.Шөкеев Үкіметтің еліміздегі үлкен өңдеуші агроқұрылымдарға көр­сеткен қолдауының кіші шаруа­­­­шылықтарға да көмегі бола алатынын атап өтті. Айта­лық, осы Ақтөбе аймағында «АкТеп» және «Айс» секілді өң­деу­­ші кәсіпорындардың құра­мын­­да белгілі бір жобаны игеру­ге қаты­сы бар көптеген ұсақ құры­лымдар бар. Біз осы іспеттес қ­ұ­ры­лымдарды қолдай білсек, осы төңі­ректегі ұсақ шаруашылықтар да қолдаудан тыс қала алмайды. Агрокластер құру мен оған қа­тыс­ты шағын құрылымдарды дамы­тудың басты бір тұтқасы да осы тұстан табылады, деді Ө.Шөкеев.

Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан»

Ақтөбе облысы