Президент • 03 Ақпан, 2018

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екі ел көшбасшылары биылғы 29-30 қаңтарда Сочиде өткен Сирия ұлттық диалогы конгресінің қорытындыларын талқылады. Қазақстан Президенті Сирия дағдарысын реттеу үдерісіне Ресей Федерациясының қомақты үлес қосқанын атап өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекеттер басшылары Алматы қаласында өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы мен «Жаһандық дәуірдегі цифрлық күн тәртібі» атты форум туралы ой бөлісіп, Еуразиялық экономикалық интеграция аясындағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы жөнінде әңгімелесті.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі басқа да өзекті мәселелер туралы пікір алмасты.