Мемлекеттер басшылары Алматы қаласында өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы мен «Жаһандық дәуірдегі цифрлық күн тәртібі» атты форум туралы ой бөлісіп, Еуразиялық экономикалық интеграция аясындағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы жөнінде әңгімелесті.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі басқа да өзекті мәселелер туралы пікір алмасты.