– Міне, 2018 жыл басталды, қаңтар айы, қыстың ортасы, күн суық, – деп әңгімеледі Семей қаласындағы Төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың бас маманы Ажар Рүстемова, – қауіп азаяр
емес. Аязды күндерде өрт шығуы, адамның қаза болуы мен жарақаттану қаупі жоғары. Себебі тұрағы жоқ жандардың барлығы әйтеуір, бір жылы жерге түнеп шыққылары келеді немесе «жылы орын» іздейді. Осыған орай, Семей қаласындағы ТЖБ мемлекеттік өрт бақылау бөлімі жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесе тұрғылықты мекен-жайлары жоқ тұлғалар жиналатын орындар бойынша кезекті рейдтер жүргізді. Бұл іс-шараның мақсаты – қаңғыбас адамдарға өрт қауіпсіздігінің қарапайым нормаларын сақтау қажеттігі туралы түсіндіру. Рейд барысында осындай 4 орын қамтылды, нәтижесінде 20 адаммен әңгімелесу жүргізілді.
Бұған дейін Семей қалалық аталған мекеме қызметкерлері бірнеше рет осындай ескерту, түсіндіру шараларын өткізген екен. Бұл жұмыс жалғаса бермек. Осындай іс-шаралар нәтижесінде былтыр өрт кезінде қаңғыбас адамдардың қаза болуы орын алмапты.
Раушан НҰҒМАНБЕК,
журналист
СЕМЕЙ