Медицина • 09 Ақпан, 2018

Соны серпін беретін құжат

337 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Елбасының биылғы Жолдауын салмақты түрде сараптап оқып шық­қан­нан кейін арқала­нып қал­дық. Расын­да да өрке­ниет­ті елдердің қата­ры­нан орын алған елімізде халық­тың мүддесі үшін жасалып жатқан жа­ғы­м­ды жаңалықтар аз емес. 

Соны серпін беретін құжат

26 жыл ішін­де әлем ал­дындағы абы­рой-беделі асқақтаған еліміз­дің жа­сам­паздық жолында жаң­ғы­рып жатқан баянды бас­­тамалары ешкімді де бейжай қалдыра ал­майды. 

«Қазақстан-2050» Стра­те­гиясы, «Нұрлы жол» жаңа эконо­микалық саясаты, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, Индус­трияландыру бағ­дарла­малары жүзеге асырылу үстінде.

Қызу қолға алынған «Рухани жаңғыру», «Цифрлы Қазақстан» бағдарламалары да халықтың жүрегіне жылы ұялады. Осы­ның бәрі халықтың қамы үшін, алдыңғы қатардағы отыз ел­дің қатарына қосылу үшін ұм­ты­лыс пен құлшыныстағы тынымсыз тірлік екені анық. Ал жаңа Жолдаудағы еліміз үшін жүктеліп беріліп отырған мәні де, маңызы да зор он міндеттің орны бөлек. Таразыға сала қара­сақ, басым бағыттағы индустриялан­дыру мен жаңа технология­ларды енгізудің көшбас­шы­сына айналу, ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту, «Ақылды технологиялар» – агроөнер­кәсіп кешенін қарқынды дамыту мүм­кіндігі, көлік-логис­тика инф­рақұрылымының тиім­ді­лігін арттыру, құрылысқа және ком­муналдық секторға заманауи технологияларды енгізу, қаржы секторын «қайта жаңғырту», тиім­ді мемлекеттік басқару, жем­­­қор­лықпен күрес және заң­­ның үстемдігі, «Ақылды қала­лар» «ақылды ұлт үшін» мін­дет­тері қай салада болмасын бірден орындала салатын оңай шаруа емес. Бұл үшін игі­лік­ті ізденістермен қатар, аса жо­ғары жауапкершілік пен талап тұрғысынан қарайтын табан­дылық ауадай қажет-ақ. Жал­пылама айтқанда, жұды­рық­тай жұмылған ұтымды ұйым­шылдық үлгісін көрсеткен абзал.

Танымы мол тарихи құжат­та агро­саланың ауқымында жүр­ген бізге де ауыз толтырып ай­тарлық тапсырмалар мен нұс­қаулар тайға таңба басқандай нақтыланып берілген. Мәселен, үшінші басымдықта «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі екендігін айырықша атап көрсетілген. Айқын атап көрсетілген тармақтардағы сындарлы сипаттамалар кемел­ді келешегімізден молынан хабардар ете алады. Мұны барар бағытымыздың, алдағы атқа­ратын жұмысымыздың анық та қанық ауқымы десек қателесе қоймаймыз.

Осы жерде мына мәселеге назар аудармай кетуге болмайды. Елбасымыз «Аграрлық саясат еңбек өнімділігін түбегейлі арт­тыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағыт­талуы керек. Біз егін егіп, дән­ді дақылдарды өсіруді үйрендік. Оны мақтан тұтамыз. Алайда ол қазір жеткіліксіз. Шикізатты қайта өңдеуді қамтамасыз етіп, әлемдік нарықтарға жоғары сапалы дайын өніммен шығуы­мыз қажет. Бұл мәселені шешуге барлық аграрлық кешеннің түбе­гейлі бет бұруы маңызды. Аг­рар­лық ғылымды дамыту мәселесі басты назарда болуы тиіс. Ең алдымен, жаңа тех­но­логияларды трансферттеу­мен және оларды отандық жағ­дайға бейімдеумен айналысуымыз қажет», деп атап көрсетуі тегін емес. Сол сияқты Елбасы аграр­лық университеттердің рөлін қайта құру керектігін, олар дип­лом беріп қана қоймай, ауыл шаруашылығы келешегінде нақ­ты жұмыс істейтін немесе ғы­лыммен айналысатын маман­дарды даярлауға тиіс екен­дігіне баса назар аударды. «Бұл жоғары оқу орындарынан оқу бағ­дарламаларын жаңартып, агроөнеркәсіп кешеніндегі озық білім мен үздік тәжірибені тарататын орталықтарға айналдыру талап етіледі. Мысалы, егін егу мен астық жинаудың оң­тайлы уақытын болжамдаудың, «ақылды суарудың», минералды тыңайтқыш себудің, зиянкестермен және арамшөппен күресу­дің интеллектуалды жүйелері арқы­лы өнімділікті бірнеше есе арттыруға болады. Жүргізушісі жоқ техника адами факторды азайтып, егіншіліктің өзіндік құнын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. Жаңа технологиялар мен бизнес-модельдерді енгізу, агроөнеркәсіп кешенінің ғылымға негізделуін арттыру шаруашылықтарды кооперация­лау қажеттігін күшейтеді», деп анықтама беруінен де көптеген түйткілдердің шешімін табуға болатынын анық аңғартты.

Бұл тұрғыдан алғанда көкей­кесті мәселелер шегіне жет­­кен емес. Елбасымыз ауылшаруа­шылық субъектілерінің кооператив түрінде жұмыс істеуіне жан-жақты қолдау көрсету керек­тігін тағы да ескертті. Ең бас­тысы, «мемлекет бизнес­пен бір­лесіп, отандық өнім­ді ха­­лық­­аралық нарыққа шыға­ру­дың стратегиялық жолын та­уып, ілгерілетуге тиіс. Ауыл ша­руашылығын қарқынды дамы­ту өнімнің сапасы мен экология­лық тазалығын сақтай оты­рып жүргізілуі қажет. Бұл бүкіл әлемге танылатын «Қазақстанда жасал­ған» табиғи азық-түлік брен­дін қалыптастырып, іл­гері­летуге мүмкіндік береді. Соны­мен қатар жерді барынша тиімді игеретіндерді ынталандырып, ал дұрыс пайдалана алмайтындарға шара қол­дану керек. Тиімсіз субсидияларды ауылшаруашылық кешені субъектілеріне арналған банк несиелерін арзандатуға қайта бағыттау қажет. Бес жыл ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі ең­бек өнімділігін және өңдел­ген ауылшаруашылық өнімінің экспортын тиісінше, кем дегенде 2,5 есеге арттыруды тапсыра­­мын», деп шегелеп айтуының түп-төркінінде заманауи сұранысқа қарай бетбұрыс жасау қажеттілігі жатыр.

Түйіндеп айтқанда, отан­дық өнімді өндіруде оның эколо­гия­лық тиімділігін арттыру мақ­сатын­дағы ғылыми-зерттеу жұ­мыстары және шетелдік жаңа тех­но­логияларды трансферттеу, оларды жергілікті жағдайға бейім­деу – біздің Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының басым міндеті болып табылады. Олай дейтінім, институт ға­лым­дары халықаралық ғылыми ор­талықтармен бірлесіп жүгері, қант қызылшасы, көпжылдық мал азығы мен майлы дақылдар­дың жоғары өнімді әрі бәсекеге қабілетті әлемдік сұрыптары мен будандарын трансферттеу және оларды отандық жағ­дай­ға бейімдеу бағытында бір­қа­тар жұмыс жүргізуде. Егіс ал­қа­п­тарын жалдап-тарақтап себу, тамшылатып суару, дәлдік егін­шілік жүйесінде өсімдікке минералды тыңайтқыш енгізу тәрізді дүниежүзілік озық технологиялар мен әдіс-тәсілдерді шетелдерден елімізге жеткізіп, жергі­лікті жағдайға бейімдеудеміз. Оның беріп отырған нәтижесі ойдағыдай.

Тағы бір атап айта кетер­лігі, ғылыми-зерттеу институ­ты­­мыздың ғалымдары ауыл­шаруа­­шылық дақылдарын өсі­ру­мен айналысатын әлемге әй­гі­лі CIMMYT, ICARDA орта­лық­тарымен бірлесіп, күздік би­дайдың «Егемен», «Тұңғыш», ноқаттың «Икарда 1», «Али-Бар», Сербияның іргелі ғылы­ми мекемелерімен жүгерінің  «КазЗП-125», «КазЗП-678», «КазЗП-589», «КазЗП» будандарын бірлесіп шығарып, өндіріске енгізуге қол жеткізді. Алға қойған басты мақсаты­мыз – жерге егілетін егіншілік, өсім­дік, бау-бақша, мал азығы дақыл­дардың түрлерін жаңа будандармен, жаңа сұрыптармен ғылыми бағытта көбейте түсу. Мұндай ізденіспен жасалып жатқан игілікті істер алда да ілгерілеп, жал­ғасын таба бермек.

Жолдауға байланысты мен агросаланың жетік білгірі, ауыл шаруашылығы ғылым­дары­­ның докторы, профессор, С.Сейфул­лин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев әріптесімнің алғашқылардың бірі болып қолдау көрсеткен мақаласын «Егемен Қазақстан» газетінен оқып, оның құнды пікірлері мен ұсыныстарына дән риза болдым. А.Күрішбаевтың айтқандары қалың қауымның көкейіндегі көптен бері жүрген өзекті мәселелер еді. 

Таяуда біздің институттың ұжымында Жолдауға орай бас қосқан алқалы жиын өтті. Ға­лым-мамандарымыз Жолдауға қатысты ойларын ортаға салып, өзіндік пікірлерін білдірді. «Қазақ бидайының атасы» атан­ған белгілі селекционер ғалым, Ұлт­тық ғылым академиясы­ның, Ресей, Украина аграрлық ғылым академияларының акаде­мигі Рақым Оразалиев пен инс­титут­тың бөлім меңгерушісі,  Ұлттық ғылым академиясының академигі Ғалиолла Мейірман, тағы басқалар құнды пікірлерін айтып, көпшілікті Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Жол­дауындағы міндеттер мен тап­сыр­мал­арды орындауға үлес қосуға үндеді. Түптеп келгенде, Елбасы Жолдауы бізге зор сенім мен жаңаша серпіліс туғызды. 

Серік КЕНЕНБАЕВ,
Қазақ егіншілік және 
өсімдік шаруашылығы 
ғылыми-зерттеу институтының
бас директоры