Аймақтар • 09 Ақпан, 2018

Атырау облысында әлеуетті инвесторларға мемлекет-жекеменшік әріптестік аясында жобалар портфелі дайындалуда

649 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың тапсырмасымен мемлекеттік органдарда мемлекет-жекеменшік әріптестік жобалары бойынша жауапты мамандар бекітілді, - деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облысында әлеуетті инвесторларға мемлекет-жекеменшік әріптестік аясында жобалар портфелі дайындалуда

Атырау облысында 2017 жылы «Атырау қаласы көшелерін жарықтандыру құрылысы мен пайдалануға беру» және «Атырау облысында диагностика бойынша бағдарлама әзірлеу, арнайы мамандандырылған бағдарламалық және сандық рентгенографикалық жүйелермен жабдықтаудан тұратын өкпе туберкулезін ерте диагностикалауға арналған іс-шаралар кешенін әзірлеу, пайдалануға беру» жобалары жүзеге асырыла бастады.

2018 жылы Атырау қаласында балабақша, мектеп, ауысымына 250 қабылдауға арналған емхана, Ақсай селосында ауысымына 25 қабылдауға арналған  дәрігерлік амбулатория құрылыстары жобаларының басталуы жоспарланып отыр. «Атырау қаласында 10 200 тонна көкөніс қоймасы мен 1 га жылыжай салу, пайдалануға беру», «Атырау қаласында монша салу, пайдалануға беру», «Атырау облысы аудандарында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу, пайдалануға беру», «Атырау қаласындағы мектептерде тамақтануды ұсыну мен ұйымдастыруға халықаралық стандарттар енгізу» жобалары бойынша конкурстық құжаттама дайындау жұмыстары да жүруде.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Атырау қаласында бейнебақылау мен ЖЖЕ бұзғандарды фотобейнетіркеу аппаратты-бағдарламалық кешенін құру, пайдалануға беру», «Құлсары қаласында сыртқы жарықтандыру желілері құрылысы мен пайдалануға беру», «Атырау қаласындағы мектептерде ақылды басқару жүйесін құру» жобаларын іске асыру жоспарда бар.

Соңғы жаңалықтар

Алғыс арқалаған хирург

Маман • Бүгін, 10:10

Қатерлі ісікпен алысқан

Медицина • Бүгін, 09:50

Үздік отбасылық дәрігер

Медицина • Бүгін, 09:40

Марқакөлдің мейіргері

Медицина • Бүгін, 09:30