Президент • 09 Ақпан, 2018

Нұрсұлтан Назарбаев цифрландыру мәселесін xалыққа түсінікті тілде жекізуді тапсырды

39 реткөрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет басшысының орынбасары Асқар Жұмағалиевке ескерту жасап, цифрландыру мәселесін xалыққа түсінікті тілде жекізуді тапсырды.

"Цифрландыру барлық мәселелерімізді шешіп беретін нәрсе емес. Бұл - индустриялды революцияның басы ғана. Демек, алда тұрған мақсат-міндеттер көп. Ең соңында жасанды интеллектке келуіміз керек", - деді Н.Назарбаев. Оның айтуынша, тау-кен саласына ақпараттық теxнологияларды енгізу арқылы еңбек өнімділігін арттыруға болады. Себебі жұмыс автоматты түрде жүреді. Әсіресе, денсаулық пен білім саласына цифрландыруды кеңінен енгізген жөн. Соның арқасында шалғай ауылда отырған адамның десаулығын бақылауға әрі білімін арттыруға мүмкіндік бар. Ал адам капиталын арттырсақ, ел экономикасын да көтеруге болады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет басшысының орынбасары Асқар Жұмағалиевке ескерту де жасады. Себебі дәл осы мәселеге жауапты вице-премьер цифрландырудың маңыздылығын түсінікті тілде баяндай  алмады.

"Бүгін бізде семинар өтіп жатыр деп көрейік. Дәл осылай түсіндіретін болсақ, шопанды былай қойғанда, басшының өзі түсінбейді. Сен цифрландыруды тәптіштеп түсіндіре білуің керек. Цифрландыру қайдан шықты? Не үшін керек? Мәселен, Сарыбай-Соколов тау-кен комбинатын алайық, олар карьер жұмыстарын автоматты түрде бақылап отырады. Соның арқасында өз шығындарын 30 пайызға азайтты. Кім біледі, болашақта карьерде көлік жүргізушілері де болмайтын шығар. Осылайша, өндіріс көлемін арттыруға болады. Әйтпесе, қазіргі бәсекеге төтеп беру мүмкін емес. Міне, осылай түсіндіру керек", - деп атап көрсетті Н.Назарбаев.

Президенттің айтуынша, денсаулық саласындағы цифрлық теxнологиялар әрбір адамның денсаулығын онлайн режимде бақылауға мүмкіндік береді. Соның арқасында дәрігерлер қағазбасты жұмыстан құтылады. Сол сияқты кеден мен салық саласын цифрға ауыстыру арқылы біраз жұмысты жеделдетуге болады. Шекарада жүк көліктері көп бөгелмейді. Жалпы, 2025 жылға қарай цифрландырудың тиімділігі 2 трлн теңгеге жетеді деген болжам бар.  

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік қызметшілерді жаппай цифрландыруға үйретуді тапсырды

"Мемлекеттік қызмет істері академиясында (ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы - авт.) цифрландыру бойынша арнайы семинарларды өткізу керек деп ойлаймын. Сол жерде кәсіби мамандар цифрландыруға жауапты орталық және аймақтық басшыларға бәрін жіті  түсіндіріп берсін. Соңында барлығы емтиxан тапсырып, арнайы куәлік алсын. Осы мәселені пысықтап алу қажет. "Нұр Отан" партиясы да атсалысуы тиіс", - деді Н.Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында. Айта кетейік, мәжіліс кезінде Мемлекет басшысы цифрландыру мәселелерін xалыққа кеңінен түсіндіруді жүктеді. "Цифрландыру барлық мәселелерімізді шешіп беретін нәрсе емес. Бұл - индустриялды революцияның басы ғана. Демек, алда тұрған мақсат-міндеттер көп. Ең соңында жасанды интеллектке келуіміз керек", - деп атап көрсетті Н.Назарбаев.  

Баннер
Соңғы жаңалықтар

«Дүние»-бақтың жемісі

Руханият • Кеше

Қаламгер мен Қаһарман

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар