Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев медициналық сақтандыру мәселесін тағы бір мәрте пысықтап, дайындық шаралары туралы сұрады. Премьер-Министрдің орынбасары Ерболат Досаевтың айтуынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі келесі жылдан бастап іске қосылады.
«Нұрсұлтан Әбішұлы, өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтар бойынша барлық жұмыстарды осы жылдың ішінде бітіреміз. Ақпараттық жүйелер, тіркеу сияқты заңнамаларға көктемде өзгерістер енгізіледі. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасын негізге ала отырып, біз міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды бір жыл бұрын бастауға бел буып отырмыз. Сіздің алдыңызда осындай міндетті алуға дайынбыз. 2020 жылдың орнына 2019 жылда бастайтын боламыз. Заң бойынша оны 2020 жылға дейін қалдырған едік. Енді, биыл бәрін бітіріп, келесі жылдан бастайын де отырмыз», - деді Е.Досаев.