Қазақстан • 10 Ақпан, 2018

Бүгін Қазақстанның кей өңірлерінде қар жауады

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Республиканың солтүстік-батысында қар жауады, тек оңтүстікте  және орталықта кей жерлерде аздаған қар күтіледі. Қазақстанның  басқа аймақтарында кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Бүгін Қазақстанның кей өңірлерінде қар жауады

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші 20-25, екпіні 30  м/с-ға жетеді.

Жамбыл облысының кей жерінде тұман, түнде және таңертең  желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23 м/с-ға дейін күшеюі күтіледі.

Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман болып, желдің күшеюі 15-20 м/с-ға жетеді, Қостанай облысында бұрқасын күтіледі.

Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Қызылорда, Солтүстік  Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.