Тартысты өткен кездесудің бірінші кезеңінде есеп ашылмады. Екінші таймда ресейліктер белсендігімен көзге түсті. Нәтижесінде бұрыштамадан келген допты Эдер Лима қақпаға тура көздеп, есеп ашты.
Айта кетерлік тағы бір жайт ойын барысында екі ескерту алып, негізгі ойыншы Дуглас Жуниор алаңнан қуылғаннан кейін, құрамамыздың жағдайы қиындай берді. Осылайша ресейліктер 1:0 есебімен жеңіске жетті. Өкінішке қарай, Какаудың шәкірттері екі жыл бұрынғы жетістіктерін қайталай алмады.
Ресей мен Қазақстан құрамалары биылғы Еуропа біріншілігінің топтық кезеңінде де кездескен болатын. «В» тобындағы матчта ойын 1:1 есебімен аяқталған еді. Ресейлік футболшылардан 2-минутта Эдер Лима есеп ашса, қазақстандықтар сапынан Дуглас 24-минутта таразы басын теңестірді.