Әлем • 11 Ақпан, 2018

Қысқы Олимпиада. Пхенчхан қаласына таяу тұста жер сілкінді

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қысқы Олимпиада өтіп жатқан жерден 160 км қашықтықта жер сілкінді. 

Қысқы Олимпиада. Пхенчхан қаласына таяу тұста жер сілкінді

Жергілікті метеорология басқармасының хабарлауынша, жексенбі күні таңертең Оңтүстік Кореяның шығыс жағалауындағы Кенсан-Пукто провинциясының Пхохан қаласында магнитудасы 4,6 магнитудалы болатын жерасты дүмпуі болды.

Жер сілкінісі жексенбі күні жергілікті уақытпен 05.03-те тіркелген. Зілзала болған Пхохан қаласы қысқы Олимпиада ойындары болып жатқан Пхенчханнан 160 шақырым қашықтықта орналасқан.

Ал қысқы Ойындар өтіп жатқан Пхенчхан қаласында ауа райы құбылып тұр. Мұнда ауа температурасы -25 градусқа дейін төмендейді деген болжам бар. ҚазАқпарат мәліметі бойынша Олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратып жатқан журналистерге Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетінің өкілі Пек Ю өткізген баспасөз мәслихаты барысында ескерткен.

«Бүгін қатты жел соғып тұр. Күннің суытып келе жатқаны байқалады. Синоптиктер ауа райының күрт құбылуы 14 ақпанға дейін жалғасатындығын болжауда. Ауа температурасы 25 градусқа дейін төмендейді. Мен барлықтарыңызға жылы киініп жүруге кеңес беремін», - деп мәлімдеді Сон Пик Ю.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін ауа райына байланысты жарыстардың кестесіне өзгерістер енген болатын.