Қысқы спорт • 11 Ақпан, 2018

Юлия Галышева Олимпиаданың қола жүлдегері атанды

148 реткөрсетілді

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан Қысқы Олимпия ойындарының үшінші күнінде Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медаль түсті. Фристайл спортының могул түрінен сынға түскен отандасымыз Юлия Галышева гранд финалда 77.40 ұпай жинап, қола жүлде иеленді.

Ол финалдық бәсекенің алғашқы кезеңінде 75,10 ұпаймен жетінші орыннан көрінді. Екінші финалдық кезеңде 76,81 ұпаймен үздік алтылыққа кіріп, медаль үшін сынға түсетін спортшылардың қатарына енді.

Ал соңғы финалдық сайысты Галышева бірінші болып бастап, 77.40 ұпай жинады. Бұл нәтиже оның қола жүлдені иеленуіне жеткілікті болды. Күміс жүлде Сочи Олимпиадасының жеңімпазы канадалық Жюстин Дюфур-Лапуантқа (78,56) бұйырса, франциялық Перрин Лаффон (78,65) Пхенчхан Олимпиадасының чемпионы атанды.

Айта кетейік, бұл Юлия Галышеваның үшінші Олимпиадасы. Ол бұған дейін Ванкувер Олимпиадасында 11-ші, Сочи Олимпиадасында жетінші орын иеленген еді.

Галышевамен қатар бұл сынға 16 жастағы отандасымыз Аяулым Әміренова да қатысқан болатын. Өкінішке қарай, Аяулым екінші іріктеу кезеңінде төмен ұпай жинап, іріктеуден өте алмады.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

«Crown Батыс» «Тұлпарға» айналады

Аймақтар • Бүгін, 16:28

Негізгі бағыттар айқындалды

Аймақтар • Бүгін, 15:00

Алматыда қойма өртеніп жатыр

Аймақтар • Бүгін, 09:28

20 жыл аңсаған алтын...

Спорт • Бүгін, 09:25

Сырттанов туралы сыр

Руханият • Бүгін, 09:23

«Алтын аймақ» – Ақмешітте

Руханият • Бүгін, 09:20

«Шаңырақтың» шапағаты

Руханият • Бүгін, 09:13

20 мыңға жуық адамның азабы – жол

Экономика • Бүгін, 09:11

Жұртым деп келген жеткіншектер

Руханият • Бүгін, 09:08

Тағылымы мол кездесу

Аймақтар • Бүгін, 09:03

Бақтың барар жері – ынтымақ

Аймақтар • Бүгін, 08:46

Тырнақалды туындының тың тынысы

Аймақтар • Бүгін, 08:42

Саф өнерге сұраныс жойылмайды

Руханият • Бүгін, 08:40

Әлеуметтік желілер: сөз бен көз

Руханият • Бүгін, 08:39

Аграрлық банк құрылса...

Экономика • Бүгін, 08:30

Жол құрылысына серпін берді

Саясат • Бүгін, 08:27

Ұқсас жаңалықтар