Қазаққа ат үстінде жол болатын,
Қырандай атқа қонса қомданатын.
Баспа-бас қызға бермей Құлагерін,
Серісі қастерлеген ер қанатын.
Бар еді бабаларда жылқы мінез,
Сол мінез болғандай ма бұл күні елес?
Шықса да қай ұшпаққа,
Қазағымды
Жылқысыз елестету мүмкін емес!
Қорғанбек АМАНЖОЛ,
Жоба авторы Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»