Көрмеге биыл құрылғанына 84 жыл болған Қарағандының қалыптасу кезеңдерінен сыр шертетін мұрағат құжаттары мен материалдар молынан қойылған. Жұрт назарына ұсынылған жәдігерлер арасында шахтерлердің құрал-саймандары, соғыс жылдарындағы және кеңес заманындағы түрлі тұрмыстық заттар да көптеп кездеседі.
Көрме ашылған күні «Даладағы қала» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып, оның қатысушылары Қарағанды қаласының тарихына қатысты құнды деректерді ортаға салды. Мысалы, алғашқы қоғамдық ғимараттар Қарағандының «Ескі қала» деп аталатын аумағында салына бастапты. Ал «Жаңа қала» аумағының құрылысы 1935-1936 жылдары қолға алынған. Алдымен тау-кен техникумы, облыстық атқару комитетінің ғимараты, «Октябрь» кинотеатры салыныпты. Одан кейін Жазғы театр, Кеншілердің мәдениет сарайы бой көтерген.
«Қазыналы, кенді қала» көрмесінің есігі келем деушілерге 15 ақпанға дейін ашық болады.
Қайрат ӘБІЛДА,
«Егемен Қазақстан»
ҚАРАҒАНДЫ