Қазақстан • 14 Ақпан, 2018

Журналист неге жазықты болды?

883 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Жұрт көкейінде жүрген елдік, мемлекеттік мәсе­лені газет бетінде көтер­гені үшін өскемендік әріп­тесіміз жұмыстан шы­ғарыла жаздады. Абырой болғанда, мәселеге жур­на­листер, зиялы қау­ым­ өкілдері, қоғам бел­сен­ділері мен облыс әкімдігі дер кезінде араласып, жағдай біршама реттелгендей болды.

Журналист неге жазықты болды?

Түсінікті болу үшін басынан бастап айтайық. Өске­менде жарық көретін облыс­тық «Дидар» газетінің биыл­ғы 18 қаңтардағы нөмірінде жур­на­лист Мұратхан Кенже­ханұлының «Өскемен қашан рухани жаңғырады?» деген мақаласы шыққан-ды. Мақалада облыс орталығындағы ономастика мәселесі сөз болып, Өскемендегі 706 көшенің тек 82-сі, яғни 12 пайызы ғана қа­зақ­­ша атауларға ие екендігі тілге тиек етіліп, қаладағы Па­ро­­воз, Трактор деген секіл­ді мән-ма­ғынасы жоқ кө­ше­лер­дің ор­нына Әлихан Бөкейханов, Қалихан Ысқақ, Дидах­мет Әшім­ханов, Серік Ғабдуллин, Ғалым Байбатыров, Мү­сі­лім Құмарбеков, Қанипа Бі­т­і­баева, Рүстем Есдәулетов се­кіл­ді еліміз мен өңірімізге ең­бегі сіңген тұлғалардың есі­мі берілсе деген ұсыныс ай­тылған болатын.  Биыл 100 жыл­дық мерейтойы аталып өті­летін әйгілі батыр Қасым Қай­­сеновтің кеуде мүсіні жанар­май құю стансасының ауласын­да елеусіз орын тепкені, керісінше Кировтың ескерткіші саябақ ішінде асқақтап тұрғаны да тіл­ге тиек етілген-ді. Бұл мә­се­ле­лер республикалық және жер­гі­лікті БАҚ-тарда бұ­ған дейін де бірнеше мәрте көтеріл­ген еді. 

Алайда мақала ав­то­ры М.Кенжеханұлы 8 ақ­пан­­да өзінің фейсбуктегі па­рақ­­­шасында осы мақаланы жазғаны үшін басшылық тарапынан сөгіс алғанын күйі­не жазғанда, әлеуметтік же­лі қолданушыларының көпшілігі қатты алаңдаушылық таныт­қа­нын аңғардық. Жазбадан қыс­­қаша үзінді келтірейік. «Оқыр­мандарға ұнаған дүние бас­шы­мызға ұнамай жатыр. Ири­на Якунина деген «Шығыс-Ақпарат» ЖШС-нің директоры осы мақаладан кейін ізіме шам алып түсті. Мақаланы анда апарып, мұнда апарып саралатты, ішінен кемшілік іздеді. «Ақыры ешкімнен пікір келтірмегенсің» деп шүйлікті. Мен Өскемен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінен алғызған, қала әкімі орынбасарының қолы қойылған жазбаша жауа­бым­ды көрсетсем, «бұл оно­мас­тиканың басшысы емес» деп теріс қарады. Түсініктеме жазу­дан мен де бас тарттым. Ұлт­тық рух жайында жаз­ған дү­нием мемлекеттік тілді біл­мейтін басшыға ұнама­ғанына күйіндім», деп жазған-ды ол өзінің фейсбуктегі жазбасында. Автордың бұл жазбасы әлеу­меттік желіде қызу тал­­­қ­ы­ланып, зиялы қауым өкіл­­дері, ақсақалдар, жастар ел­дік мәселені көтергені үшін журналистің жазаланғаны әділетсіз шешім екендігін айтып, өз наразылықтарын білді­ріп, жұртшылықты журналисті қолдауға шақырған болатын.

Содан не керек, журналис­тің жанайқайы ақыры облыс әкімдігіне жетіп, 9 ақпан күні об­лыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова «Дидар» газе­тінің редакциясына арна­йы келіп, жағдайдың мән-жа­йын түсіндірді. Мақалада еш­қандай ұлт араздықты қоз­дыру фактілерінің жоқ екен­ді­гін, керісінше өте өзекті, ел көкей­інде жүрген мәселе қозғал­ғанын айтып, Өскемен­дегі ор­та­лық көшелерге еліміз­ге, мем­­л­екетімізге еңбегі сің­­ген тұ­л­ға­лардың есімі бері­луі ке­рек­­тігіне тоқталды. «Шы­нын­да да, Орджоникидзе, Киров, Дзер­жинский, Питер коммунарлары секілді көшелердің аттары ауыстырылып, елге еңбегі сіңген тұлғаларымыз Өскемен көшелерінен лайықты орын алуы керек. Қасым Қайсенов секілді батырларымыз жанар­май бекетінің жанында тұр­мауы қажет», – деді облыс әкі­мі­нің орынбасары. Және м­ақа­ланы облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы дұрыс түсінбей, «Шығыс-Ақпарат» ЖШС директорынан түсініктеме алғанын, ал «Шы­ғыс-Ақпарат» басшысы мақаладағы мәселелердің мән-жайына толық үңілмей жур­налисті жазалағаны дұрыс емес­тігін айтып, оған берілген сө­гісті алып тастауды тапсырды. 

Байқағанымыз, осындай келеңсіздіктің орын алуына об­лыстық Ішкі саясат бас­қар­масы басшысы мен «Шығыс-Ақпарат» ЖШС директорының мемлекеттік тілді білмеуі басты себеп болған секілді. «Дидар» газетінің журналистері де кездесу кезінде басшының мем­лекеттік тілді білмеуі жұмыс барысында қиындық тудыратынын айтты. Қоғам белсендісі Әділ Қаратай мен Өскемендегі драма театрдың көркемдік жетекшісі Сахан Әкелеев жиында облыс әкімінің орынбасарына өңірдегі ең үлкен қос газет «Дидар» мен «Рудный Алтайды» қазақ-орыс тілдерін жетік білетін басшы басқаруы керектігін жеткізді.

Газет журналистерінің жаз­ған мақаласы үшін сөгіс алуы, жалпы журналистер қауым­ына шығармашылық ер­кін­дік берілмеуі өңірдегі ар­дагерлерді де алаңдатып отыр. «Егеменнің» тұрақты оқырмандарының бірі, қарт журналист Мұрат Әміренов жақында редакцияға хат жолдапты. «Жуықта «Еге­мен Қазақстан» газетінде жа­рияланған бір мақаланы оқиын деп редакцияға барайын. Сөйтсем, редакцияға бұл газет келмейді екен. Себебін сұрасам, «Ой, аға, жаңа директор келгеннен кейін «Егемен» сап тыйылған, ал «Казправда» баяғысынша келіп тұр» деп жігіттер қарап тұр. Күлерімді де, жыларымды да білмедім. Сонда деймін-ау, мемлекеттік тілде шығатын еліміздің бас газеті «Егемен Қазақстан» Якунина­ға неге керек болмай қалды екен? Ал қазақ журналистеріне ауадай қажет газет емес пе? Мұ­ны бір деп қойыңыз.

Екін­шіден, қазір «Дидардың» жур­налистері өз газетінде ұлт мүддесін көздейтін материалдар жариялаудан қаймығып қалған. Алда-жалда осы ұлттық тақырыпты көтерген мәселелер жарық көре қалса, директор ерін бауырына алып тулайтын көрінеді. Үшіншіден, биылғы жылдың басынан бері «Дидар» және «Рудный Алтай» газеттерінде ортақ қосымша ретінде телеарналардың бағ­дар­ламасы беріле бастады. Солар­дың ішінде отандық теле­ар­налар саны – 13, ресей­лік арналар – 38. «Отау тв» желі­сіндегі арналардың еш­бірі бағдарламада жоқ. Ди­рек­тордың айтуынша, аталмыш ресейлік арнаның бәрі министр­лікте тіркелген көрінеді», – деп жазады қарт журналист.

Шығыс Қазақстандағы 90 жылға жуық тарихы бар қара шаңырақ «Дидар» газетіндегі осындай келеңсіз жайттар басылым журналистерін ғана емес, республикадағы, өңірдегі зиялы қауым өкілдерін де алаңдатып отыр. Олар облыс әкімдігі, облыстық Ішкі саясат бас­қармасы тарапынан тиісті шешім қабылданып, түйткілді мәселелер оң шешім табарына сенеді. 

Азамат ҚАСЫМ, 
«Егемен Қазақстан»

ӨСКЕМЕН