Үкімет • 16 Ақпан, 2018

Римде Қазақстан-Италия Үкіметаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті

311 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

 

Римде өнеркәсіптік және экономикалық ынтымақтастық орнату және алмасу бойынша Қазақстан-Италия Үкіметаралық жұмыс тобының (ХЖТ) 8-ші отырысы өтті, деп хабарлады primeminister.kz. Римде өнеркәсіптік және экономикалық ынтымақтастық орнату және алмасу бойынша Қазақстан-Италия Үкіметаралық жұмыс тобының (ХЖТ) 8-ші отырысы өтті, деп хабарлады primeminister.kz. meminister.kz материалдарын жеке мақсаттан басқа, кез келген жағдайда пайдалану кезінде primeminister.kz веб-сайтына гиперсілтеме жасау міндетті.

primeminister.kz материалдарын пайдалану кезінде:

– басылым беттерінде немесе қағаз, таспа және т.б. секілді материал тасығыштардың өзге де түрлерінде пайдаланушы әр кез материалдардың www.primeminister.kz веб-сайтынан алынғанын көрсетіп отыруы міндетті.

– Интернетте немесе электронды түрде пайдаланудың өзге де түрлерінде пайдаланушы әр кез «www.primeminister.kz» веб-сайтының басты бетіне гиперсілтеме беруге міндетті.

Римде Қазақстан-Италия Үкіметаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті

Римде өнеркәсіптік және экономикалық ынтымақтастық орнату және алмасу бойынша Қазақстан-Италия Үкіметаралық жұмыс тобының (ХЖТ) 8-ші отырысы өтті, деп хабарлады primeminister.kz

Қабылдаушы тарапты италиялық тараптың тең төрағасы — Италияның экономикалық даму вице-министрі Иван Скальфаротто бастады.

ХЖТ аясында инвестициялар саласында ҚР ИДМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Ерлан Қайыров сөз сөйледі.

«Италия Еуропамен сауда айналымы бойынша басты серіктестердің бірі және жетекші инвестор екенін атап өткім келеді. Қазақстан мен Италия арасындағы сыртқы сауда айналымы 2017 жылдың қорытындысы бойынша $9,6 млрд құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінен 13,5%-ға артық. Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ құрамында. Бұл кедендік шекаралары жоқ сыйымдылығы 180 млн-нан астам адам болатын сыртқы тауар айналымы шамамен $1 трлн бірыңғай нарық. Сондықтан, мен Қазақстанды ЕуразЭҚ, Қытай, Орталық Азия және Таяу  Шығыс елдерінің үлкен нарықтарына шығу үшін өнім өндіруге арналған алаң ретінде қабылдауды ұсынамын», — деді Ерлан Қайыров.

Іс-шаралар барысында екіжақты ынтымақтастық жағдайын бағалаумен және Қазақстан-Италия өзара іс-қимылын одан әрі дамытумен байланысты басымдықты мәселелердің кең спектрі қаралды. Тараптар іскерлік және банк топтарының өзара іс-қимылын жандандыруды, құқықтық базаны, энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты дамытуды, гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту саласындағы мәселелерді талқылады. Екіжақты өзара іс-қимылдың перспективалы бағыты мәдениет және туризм саласында ынтымақтастық орнату болып белгіленді.

Сол күні ХЖТ отырысы аяқталған соң Италиядағы Қазақстан елшілігі Жалпыға бірдей италиялық өнеркәсіп конфедерациясы және ICE-мен бірге Қазақстанның экономикалық мүмкіндіктерін таныстыруға арналған бизнес форум өткізді, оған ірі италиялық компаниялар мен бизнес қауымдастықтардың өкілдері қатысты.

Өткен жылы Қазақстан мен Италия дипломатиялық қатынастарының жиырма бес жылдығын атап өткен болатын.

25 жылда Италия республикасы еліміз үшін басты инвесторлардың біріне айналды және ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі. Италиялықтар Қазақстанмен жаңа сала — жасыл технологиялар саласында ынтымақтастық орнату үшін Астанада «Экспо-2017» көрмесіне қатысу мүмкіндігін пайдаланды.

Италия Қазақстанмен ынтымақтастық орнатуға мүдделі. Италиялық бизнес Қазақстанды тұрақтылығы үшін бағалайды және елімізді перспективалы деп есептейді. Италияда біз туралы болашағы зор мемлекет деп айтады.