![Болгарияда Қазақстан туралы деректі фильмдер көрсетіледі](/article_photo/1518845484_article_b.jpeg)
«Телеарнаның сайтында хабарланғандай, «Қазақстанға қош келдіңіз» атты фильм 17 ақпан күні Болгария уақытымен сағат 20.30-да, біздің уақытпен 17.30-да көрсетіледі. «Дәуір қалаулысы» атты тағы бір фильм таяу уақытта көрсетілмек. Бұл туралы тағы жазатын боламыз. Біздің фильмдерді болгар тіліне аударғаны үшін Болгариядағы Қазақстанның дипломатиялық миссиясына алғыс білдіреміз», - делінген ҚР Президенті Телерадиокешенінің Фейсбуктегі ресми парақшасында.