Қазақстан • 17 Ақпан, 2018

Білім министрлігі балалардың әлеуметтік желілердегі белсендігін бақылауға шақырды

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрлігі ата-аналарды балалары кіретін сайттарды бақылап отыруға шақырды.

Білім министрлігі балалардың әлеуметтік желілердегі белсендігін бақылауға шақырды

«Құметті ата-аналар, әлеуметтік желілерде балалардың белсенділігін бақылауға алыңыздар! ҚР Білім және ғылым министрлігі жеткіншектердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін ақпараттан қорғау мақсатында ата-аналар қоғамдастығына бұл мәселеге назар аударуға шақырады. Осы орайда балалардың жүріс-тұрысына мән беріп, олар кірген сайттарды қарап отыру ұсынысын жеткіземіз», - деп жазды ведомствоның Facebook-тегі парақшасында ҚР БҒМ Балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Нұрбек Оршыбеков.

Мұнымен қоса ол оқушылардың әлеуметтік желілердегі парақшаларында, сондай-ақ кеңінен танылған мессенджерлердегі жазбаларына ерекше мән беру керектігін атап өткен.