19 Ақпан, 2018

Сенаттың баспасөз қызметінің жетекшісі ауысты

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенаты баспасөз қызметінің жетекшісі болып Әділбек Қаба тағайындалды.

Сенаттың баспасөз қызметінің жетекшісі ауысты

Әділбек Қаба «Арай-Заря» журналында тілші, «Лениншіл жас» («Жас Алаш») басылымның жауапты хатшысы-бас редактордың орынбасары, «Айқын» газетінің бас редакторының бірінші орынбасары, «Тіл және қоғам» журналының бас редакторы, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы аппаратында Басқарма бастығы-Баспасөз қызметінің жетекшісі қызметін атқарған белгілі журналист.

2012 жылдан бастап Ә.Қаба Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратында Баспасөз бөлімі бастығының орынбасары қызметін атқарып келді.