Министрлік «Егеменде» жарияланған мақалаға жауап берді

Таяуда газетімізде географиядан республикалық атаулы мектеп жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ұлжалғас Есназарованың «Қазақстан географиясы» оқытылмай ма?» атты сын мақаласы жарияланған болатын («Егемен Қазақстан», №11, 17 қаңтар, 2018 жыл). Мақалада көтерілген мәселеге қатысты еліміздің Білім және ғылым министрлігінен ресми жауап келді. Аталған министрліктің уәжі төмендегідей.

Егемен Қазақстан
21.02.2018 7077
2

Қазақстан географиясы оқытылады

Жуырда еліміздің бас газеті «Егемен Қазақстанның» 2018 жылғы 17 қаңтардағы санында «Қазақстан географиясы» пәні оқытылмай ма?» атты мақала жарияланған болатын. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі сіздер көтеріп отырған мәселені Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ сарапшыларымен бірлесіп зерделеді.

Еліміздің географиясын оқу, әрине, білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие жұмысында, болашақ ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда басым бағыттардың бірі. Осыған орай, 1993 жылдан бастап, яғни, 25 жылдан астам уақыт «Қазақстан географиясы» оқу курсы мектептерде «География» пәнінің құрамында оқу бағдарламасының бөлігі ретінде оқытылады:

- 1992 жылы 8-сыныпқа арналған «Қазақстанның физикалық географиясы» шықты (авторлары – К.Қарпеков, Ә.Бейсенова, «Атамұра» баспасы) 2000, 2004, 2008, 2012, 2016 жылдары қайта басылып шықты;

- 8-сыныпқа арналған «Қазақстанның физикалық географиясы» оқулығы (авторы – Ұ.Есназарова, «Атаулы Мектеп» баспасы) 2004 жылы шықты. 2013 жылы қайта басылып шықты.

2002 жылы Мемлекет жалпыға міндетті білім беру стандартында (бұдан әрі – МЖМБС) «География» пәнінің базалық білім мазмұны курстар түрінде берілген:

- Жаратылыстану (5-сынып).

- Физикалық география. Бастапқы курс (6-сынып).

- Материктер мен мұхиттар географиясы (7-сынып).

- Қазақстан географиясы (8-9-сыныптар).

- География (жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10, 11-сыныптар).

- Қазіргі заманғы география (қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптар).

Бұл ретте «Қазақстан географиясы», «Қазақстанның физикалық географиясы» және «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы» жекелеген оқу пәндері ретінде қарастырылмаған.

Қолданыстағы 2012 жылғы МЖМБС және оқу бағдарламаларына сәйкес «Қазақстан географиясы» 8, 9-сыныптардың «География» оқу пәнінің шеңберінде, 8-сыныпта «Қазақстанның физикалық географиясы» және 9-сыныпта «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы» деп аталатын оқулықтармен оқытылады.

Қазіргі уақытта «100 нақты қадам: баршаға бірдей қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарының 76-қадамына және Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына (бұдан әрі – мемлекеттік бағдарлама) сәйкес отандық және халықаралық үздік тәжірибені біріктіруді көздеген «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ тәжірибесі бойынша жаңартылған білім мазмұнына көшу жүзеге асырылуда (2016, 2017 жылдары 1, 2, 5, 7-сыныптар, 2018 жылғы 1 қыркүйектен 3, 6, 8-сыныптар, қалғандары 2020 жылға дейін).

Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасында «География» пәнін оқыту мақсаттары арқылы көрсетіліп оқытылатын тақырыптар мән мәтінінде жергілікті өлкетану және елтану компоненттерін оқыту қарастырылған.

Атап айтқанда, 7-сыныптағы 53 мақсаттың 19-ы, 8-сыныптағы 60 мақсаттың 11-і, 9-сыныптағы 75 мақсаттың 53-і қазақстандық компонентті құрайды.

9-сынып бағдарламасының базалық мазмұны Қазақстан географиясы, оның ішінде білім алушыларды азаматтылық пен патриоттыққа тәрбиелеу, өз елінің тарихы мен мәдениетіне құрмет көрсету мәселелері болып табылады. Мемлекеттік тілді дамытуды қолдау үшін география бағдарламасына алғаш рет қазақ топонимикасы бойынша оқыту мақсаты енгізілген.

Демек, білім алушы 9-сынып географиясы курсын аяқтағанда физикалық, әлеуметтік, экономикалық және саяси Қазақстан географиясы бойынша жеткілікті көлемде білім мен дағдыны меңгереді. Жоғары сынып (10, 11-сыныптар) оқушылары 11-сынып бағдарламасының базалық мазмұнын құрағандықтан Қазақстан географиясы курсын оқуды жалғастырады.

Сабақтастықты қамтамасыз ету мақсатында, қолданыстағы «География» пәнінің оқу бағдарламасындағы «Қазақстанның физикалық географиясы» және «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы» курстары жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасының 7, 8, 9-сыныптарында оқытылатын «Географиялық зерттеулер әдістері» бөлімінде сақталған, оқу жүктемесінің көлемі – жылына 68 сағат (немесе аптасына 2 сағат) сақталған.

Сондай-ақ «География» пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы бағдарламаларда Қазақстан географиясы бойынша тақырыптарды оқып, зерделеуге бөлінетін сағат саны 62-ге арттырылған (2012 жылғы Үлгілік оқу жоспарында – 136 сағат, 2016-2017 жылдары – 198 сағат).

Егер 2013 жылғы оқу бағдарламаларымен жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламаларын салыстыратын болсақ, «Қазақстан географиясы» курсы «География» пәнінде кеңінен қамтылған және 7, 11-сыныптарды қамтиды (оқулықтың атауы – «География»).

Сонымен қатар білім берудің жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламаларында қазақстандық мазмұнды оқыту көлемі геоэкология, геоинформатика, геосаясат, геоэкономика саласындағы, сол секілді, ұлттық мүдделер аясында Қазақстан Республикасының геосаяси белсенділігінің бағыттарына қатысты білім алушылардың құзыреттілігін ұлғайтуды қамтамасыз етеді. Ендеше, «Қазақстан географиясы» курсы «География» пәнінің шеңберінде жеткілікті деңгейде оқытылатыны анық. 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде туған өлкенің қалыптасуы мен дамуын кешенді түрде сипаттайтын географиялық, тарихи, мәдени, табиғи және басқа факторлар туралы білімді қалыптастыру, туған өлкеге деген сүйіспеншілік сезімді, қоршаған табиғатқа ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу мақсатында «Қазақстан тарихы», «Қазақ әдебиеті» (қазақтілді емес мектептер үшін «Қазақ тілі мен әдебиеті»), «География», «Музыка» пәндерін толықтыратын 5, 7-сыныптарда «Өлкетану» кіріктірілген оқу курсы енгізіледі.

Білім және ғылым минстрлігі бекіткен бағдарлама негізінде әр облыс, Астана, Алматы қалаларында құрылған жұмыс топтары оқулықтарды әзірлеуде.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.09.2018

Маман дайындау мәселесі талқыланды

21.09.2018

Астанада тұрғын үй кешенінде шартты өртті сөндіру бойынша тактикалық оқу-жаттығу өтті

21.09.2018

Бүркітші қыз Айшолпан түскен «Көшпенділер» фильмі көрерменін қуантады

21.09.2018

Павлодарда биыл 1655 жұп қосылса, 1101-і ажырасқан

21.09.2018

Тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу бойынша жоба әзірленді

21.09.2018

Кәрім Мәсімов терроризмге қарсы орталықтың отырысын өткізді

21.09.2018

Қостанайлықтар жарықдиодты шыны жолмен жүреді (ВИДЕО)

21.09.2018

Қанат Ислам мақтааралдық жас боксшыларға мастер-класс өткізді

21.09.2018

Алексей Луценко: «Алматы турын» апталық жарыс қылса керемет болар еді

21.09.2018

Бурабайда жаңа мешіт ашылды

21.09.2018

Онкологиялық қызметтің атасы Сәкен Нұғмановтың 100 жылдығы атап өтілді

21.09.2018

Дзюдошы Ерлан Серікжанов жартылай финалға шықты

21.09.2018

Қайрат өз құрамын жария етті

21.09.2018

Асқар Жұмағалиев Үндістанның АТ және телекоммуникациялар министрімен кездесу өткізді

21.09.2018

Шетелдік мамандар ауылдық мектеп оқушыларына ағылшын тілін оқытуды бастады

21.09.2018

Шыңғырлау ауданында төрт емдеу нысаны күрделі жөндеуден өтті

21.09.2018

Рани Мукерджидің қазақтарға сәлемі

21.09.2018

Елбасы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасын қабылдады

21.09.2018

Даниал Ахметов Зырян ауданын Алтай деп атау туралы ұсынысты қолдады

21.09.2018

Халқына демесін болған күйші

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу