Бағдарламалар • 01 Наурыз, 2018

Уильям Томсон: Қазақстан Ұлы Жібек жолының қаржы орталығына айнала алады

335 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Уильям ТОМСОН, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Жаһандық байланыстар хатшылығы Еуразия басқармасының бастығы

Уильям Томсон: Қазақстан Ұлы Жібек жолының қаржы орталығына айнала алады

– Елімізде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы қабылданып, соған сай экономика саласы да цифрландырылып жатыр. Бұл бағдарлама экономикамыздың дамуына қан­ша­лықты ықпал етеді?

– «Цифрлы Қазақстан» бағдар­ламасы жаһандық трендке сай келе­ді. Бүгінгі таңда цифрландыру – әлем­дік экономиканың барлық сала­сын­да қарқынды дамып келе жатқан жүйе. Ақпаратты жинақтау, сақтау, сұ­рып­тауға жұмсалатын шығын едәуір. Сол себепті адамды компью­тер мен жаңа технологиялар алмас­тыра бас­­тады, өзге бір дәуір келді. Қазақ­стан үшін ең алдымен өнімді­лікті арттыру қажет. Елдің эконо­мика­сын цифрландыру жаңа сектор­ларға тың серпі­ліс беруі керек. Бұл өз кезегінде жұ­мыс орындарына қатыс­ты өзгерістерге әкелуі мүм­кін. Себебі адамдардың ор­нын ма­ши­налар, роботтар мен жаңа технологиялар баспақшы.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауы цифрландырудан басталғаны дұрыс деп есеп­теймін. Себебі Мемлекет басшы­сы осылайша әлеуметтік қорғау, ше­бер­ліктің қалыптасуы, заңнамалық нарық сынды мәселелерге жауап бере­ді. Цифрландыру дегеніміз – бір жер­де немесе бір секторда ғана болып жатқан үрдіс емес. Цифрландыру дегеніміз – мемлекеттік және жеке­меншік секторларда да, ауылдар мен қалалық жерлердің барлығында болатын үрдіс. Бұл өте тез жүретін күрделі трансформация десек те бо­ла­ды. Президент өз Жолдауында айт­қан осы бағдарлама экономикада оң өзгерістерге әкелері сөзсіз.

– Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жол­дауында дамудың жаңа сапасы­на көшу, яғни төртінші өнер­кә­сіптік революция элемент­терін енгізу жөнінде тапсырма берді. Қазақстан оны неден бастауы керек?

– Көпшілік жаңа технологиялардан саяси көзқарас іздейді. Бұл дұрыс, себебі бүгінгі қоғамда басты назар аударатын нәрсе де осы жаңа технологиялар. Түрлі қоғам­дық іс-шаралар мен қанатқақты жо­б­а­ларды іске асыру үшін жаңа құрылғыларды пайдаланатынымыз сөзсіз. Осы тұрғыда Үкімет жаңа тех­­но­логияларға қатысты бар­­лық жағ­дай­ды жасауы керек деп ой­лай­мын. Адамдар жаңа аппа­рат­­­тарды ойлап тауып, оларды қол­­дана бастады. Ал жеке тұлға­лар­­дың осы ба­ғыттағы бастамалары кеңі­нен қа­рас­тырылуы керек. Қазақ­стан бол­са бұл мақсатта үлкен жұ­мыс­тар ат­қарып жатыр. Мәселен, Эко­но­ми­ка­лық ын­тымақтастық және даму ұйы­мы­мен арада іскерлік орта мен ин­вес­ти­циялық климатты қа­лып­тас­тыру мақсатында келіс­сөздер жүр­­гі­зіп келеді. Шетелдік инвес­ти­­ция­­ларға жол ашты. Бұл істе ең ма­­ңыз­­дысы – шетелдік инвести­ция, яғ­­ни сыртқы инвестиция. Өйт­кені ол тех­но­­логиялық тәжірибемен қатар, эко­номикаға қыруар қаржы да әкеледі.

– Қазақстан былтыр ЭКСПО кө­рмесін өткізді. Оның тақырыбы болашақтың энергиясына, яғни баламалы энергияға арналды. 2030 жылға дейін баламалы энергия көзін 30 пайызға жеткізу жос­парланып отыр. Жалпы, осы қадамды қалай бағалайсыз?

– ЭКСПО көрмесі Қазақстан үшін тарихи жоба болды. Біз де оған қатыстық. Көрме алаңында бі­здің де павильонымыз болды. Эко­но­микалық ынтымақтастық және даму ұйымы көрмені және оның тақы­рыбын барынша құптады, қолдады. Қазақстанның 2030 жылға дейін жаңғырмалы энергия көзінің 30 пайызына қол жеткіземіз деп отырғанын жігерлі жоспар дер едім.

Биыл Қазақстан біздің ұйыммен бір­лесіп баламалы энергияға қатыс­ты 10 жобаны бастамақшы. Эконо­ми­ка­лық ынтымақтастық және даму ұйымы осындай тақырып­тардағы бас­та­ма­ларды үнемі қолдап кел­ді. Бұл өте маңызды, себебі жаң­ғыр­­малы энергия дегеніміз тек жаңа «жасыл» технологиялар емес. Тех­но­­ло­­гия­лар үнемі өзгеріп, ауысып, жаңа­­рып тұра­ды. Ал менің айтып отыр­­ғ­аным – қор­ша­ған ортаға құй­ған ин­­вес­тиция. Қо­рша­ған орта немесе та­биғат­қа құй­ған қаржы инвес­тор­ларды қашан­да сенімді етеді. Мә­селен, 2018 жы­лы бір жобаға қар­жы салсам, ол өзін 35 жыл бойы тұрақты түрде ақтап тұра­ды. Себебі бұл салада салық та, инвес­тиция жағдайы да тұрақты бола бермек.

– Осы ЭКСПО көрмесі өткен жерде «Астана» xалықаралық қар­жы ор­талығы жұмысын бастады. Кейбір сарапшы­лар болашақта қаржылық инвес­т­иция­­лық күш­тер Азияға көшеді деген болжам жасауда. Осы тұрғы­да, Қа­зақстан Азия­дағы ықпалды қар­жы орта­лы­ғына айнала ала ма?

– Қаржының қай жаққа және қашан баратынын білсем, өте ауқатты кісі болар едім. Иә немесе жоқ деген жауап бере алмаймын. Тек мынаны ғана айтайын. Ақша – өте мобильді. Адамдарға қара­­ғанда, күнделікті іске қарағанда, мо­биль­ді болып келеді. Яғни бұл про­­­цесс тиімді жұмыс істеу үшін жа­сал­ған жағдайға сай жүріп жатады. Қазақ­станның осы нарықта бәсе­кеге түс­пеуіне ешқандай себеп жоқ. Қазақ­­стан­ның халықаралық қаржы ор­та­­лы­ғын құру жобасы өте дұрыс шешім. Себебі сіздер ағылшын заң­н­а­ма­­сын қабылдайсыздар, бұл үл­кен ар­тық­шылықтарыңыз болады. Олай дейтінім, халықаралық төрелік келі­сім­дердің жартысынан көбі осы заң бойынша жүзеге асырылады. Бұл заңнамалық жүйе қаржы әлемінде кеңі­нен қолданылады. Қаржылық сот­ты тарту жеңіл инфрақұрылым бо­лып есептеледі. Осы ретте орталық экс­порт­тың бір бөлшегі ретінде саналады. Яғни, заңнаманың экспортын қа­был­дайды. Мысал үшін, Қытайды ала­йық. Бүгінде қаржы орталығы осы мем­­лекет болып отыр. Онда ин­вес­­­тор­­лар түрлі келісім жасасып, қар­жы­­лық инфрақұрылымын ауысты­рып жатыр. Жалпы, инвесторлар шарт пен жағдайы тұрақты, сенімі жоға­ры жерде ғана жұмыс істей алады. Қазақ­стан өзін сенімді серіктес ретінде дәлел­дей алса, Ұлы Жібек жолының қар­жы орталығына айналмауына еш себеп жоқ деп ойлаймын. Сұрақтың басын­да ақша мобильді деп едім ғой. Нью-Йорк, Токио, Лон­дон сынды қала­­­лар­да оның мо­биль­ділігі жақсы көрі­­­не­­­­ді. Осы рет­те мобильді ақшаға көшу үшін Қазақ­стан тартынып қалмауға тиіс.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен Арнұр АСҚАР,

«Егемен Қазақстан»