Астанадағы федерация сайлау конференциясының қатысушылары Түсіпбековтың қайта сайлануын бірауыздан қолдаған.
ААФ президенті Жанат Түсіпбеков атап өткендей, ол антидпингтік саясатты күшейту жұмыстарын жалғастырады және спортшыларды әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асырады. Сондай-ақ, жергілікті ауыр атлетика федерацияларын дамытып, инвестиция тартпақ.
«Халықаралық ауыр атлетика федерациясының президенті, бас хатшы, бес құрлықтық федерация президенттері бір іс-шарада бас қосуы өте сирек жағдай. Бұл -еліміздегі ауыр атлетика спорты саласындағы Жанат Түсіпбековтің орнының қандай екенін білдіреді», - деді ААФ бас хатшысы Омар Мұстафин.
Айта кетейік, сайлаумен қатар IWF Интерконтиненталдық комиссиясының отырысы да өтті.