Қазақстан • 02 Наурыз, 2018

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

517 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК 3-5 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

 

 

«Қазақстанға еліміздің аумағы арқылы қатты жылдамдықпен өтетін суық антициклон ауысты. Республиканың солтүстік бөлігінде өткен тәулікте ауа температурасы 3…8°С дейін түсіп, климаттық нормадан төмен болды. Сол себепті сенбі күні солтүстік, орталық және шығыс облыстарда аяз, бірақ жауын-шашынсыз, температурасы нормадан төмен ауа райы сақталады. 4-5 наурызда оның орнына Қазақстанға Ресейдің Еуропалық бөлігі мен Каспий теңізінен келетін циклондар температураның жоғарылауына әсер етеді. Соған байланысты, жексенбі күндері республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады. Тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін», - деп жазылған хабарламада.