Білім • 03 Наурыз, 2018

Қызылордалық оқушылар халықаралық ғылыми жоба жарысында топ жарды

337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Кореяның Дэджон қаласында өтіп жатқан «Жас ғалым» халықаралық жобалар байқауында қызылордалық оқушылар үздік атанды. 

Қызылордалық оқушылар халықаралық ғылыми жоба жарысында топ жарды

Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған ізденімпаз балалардың ғылым бәйгесінде «Мұрагер» мектебінің оқушысы Дінмұхамед Ақпан "Риманның гипотезасы және оның салдары, қасиеттері және шешімі" атты ғылыми жұмысы үшін 1 орынды жеңіп алды.

Осы мектептің тағы бір оқушысы Евгений Демиденко "Биологиялық процестердің 4D модельдерін әзірлеу" тақырыбында үздік жоба ұсынып, 1 орын иеленді. 3 мектеп-гимназиясында оқитын Мағжан Бекетов "Компьютердің көмегімен газдардың концентрациясын анықтау" ғылыми еңбегі үшін 2 орын алды.

«Мұрагер» мектебінің оқушысы Диана Валишаеваның "Арал маңындағы тұрғындардың гематологиялық параметрлерін түзету әдістері" атты жобасы үшінші орынға лайық деп танылды. Жеңімпаздарды ғылым бәсекесіне дайындаған жетекшісі -Қарлығаш Дауылбайқызы.