Біледі әрбір қазақ, сірә, мұны:
Желі бау, ноқта, көген, бұғалығы.
Асауды қылбұраумен жуасытып,
Арбасқан арқан тартып дүр алыбы.
Теңдерін тегенелеп арта көшкен,
Тұрмыстың қажетіне арқан ескен.
Құрық бау, керне, шүйке, қыл арқаным,
Жетіпті бүгініме салқар көшпен.
Қорғанбек АМАНЖОЛ,
Жоба авторы Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»