Қазақстан • 13 Наурыз, 2018

Жалға алынған жерлерге үздіксіз мониторинг жүргізілмек

571 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Ауылшаруашылық жерлерін ұтымды пайдалануға бақылауды күшейту мақсатында енді жалға алынған жерлерге үздіксіз мониторинг жүргізілмек.

Жалға алынған жерлерге үздіксіз мониторинг жүргізілмек

Жуырда Мәжілістің жалпы отырысында де­путат­тар «Қа­зақ­стан Рес­пуб­­ликасының кейбір заң­на­малық актілеріне жер қаты­нас­тарын реттеу мәселелері бойын­ша өзгеріс­тер мен толық­т­ы­рулар енгізу туралы» заң жо­басын екінші оқы­лымда ма­құл­дап, Сенат­қа жө­нелтті. Бұл құжат Жер ре­формасы жө­ніндегі комис­сия жұмысының нә­тиже­сін­де әзірлен­ген бола­тын. Комис­­сияның барлық ұсы­ны­сы заң жобасына енді.

Аталған заңды талқы­лау ба­ры­сында жер шетел­дік­терге жал­ға беріле ме, жоқ па деген мәселе көпшілік көңілін алаң­дат­қаны рас. Ал Мәжілісте ма­құлданып, Се­нат­қа жол тарт­қан заң жоба­сының маз­мұ­нына сүйен­сек, «бұл тақы­рып­­­тағы» баптар алдағы үш жыл­­­ға тағы бұғауланған, бұ­ған дейін­гі мораторийдің қол­­да­нылуы кеңей­тілген. Яғни, ауыл шаруашылығы мақ­­сатын­да­ғы жерлер 2021 жыл­ғы 31 желтоқсанға дейін шетел­дік­тер­ге жалға берілмейді, бар­лық же­ке және заңды тұл­ғалар­дың же­ке­­меншігіне өтпейді. Рес­пуб­ли­ка­­мыздың азаматтарына және шет­елдіктер қатыспайтын заңды тұл­ғаларға ауыл шаруа­шы­лығы мақ­­сатындағы жерлер уақытша пай­­далану құқығымен ғана ұсы­ны­лады.

Әрине, заң жобасының не­г­­і­зінде жерді шетел­дік­тер­ге жал­ға беру, не бермеу мәселе­сі­­нен басқа да ма­ңызды нормалар қам­тыл­ған. Айталық, онда ауыл­шаруа­шылық жер­ле­рін ұтым­­ды пайдалануға бақы­лауд­ы күшейту ерекше мәнге ие. Мәселен, ауыл шаруашы­лы­ғы мақсатындағы жерлер­ді кон­­курстық негізде жал­ға беру тә­ртібін егжей-тег­жей­лі рет­тейтін нормалар ен­гізілген. Кон­курстардың ашықтығын қам­тамасыз ету үшін жер ко­мис­сияларының құрамына мем­лекеттік ор­гандардың қыз­мет­­кер­лері­нен бөлек қоғам өкіл­дері де кіретін болады. Сондай-ақ заң жо­басының ере­желеріне тұрақты мониторинг енгізу ар­қылы ауыл­ша­руашылық жер­ле­рі­нің ұтымды пайдаланылуына бақылауды күшейту көзделген. Бұл шара­лар жер­ді тиімді әрі ұтым­ды пай­да­лануға, пайдаланылмай жатқан жерлерді уақтылы анық­тауға және оларды шаруа­­шы­лық айна­лым­ға тартуға, сондай-ақ қоғамдық ба­қ­ы­­лауды артты­руға мүм­кіндік бермек.

Осы ретте Ауыл шаруа­шы­лығы министрлігінің Жер­­ге орналас­тыру жөнін­дегі коми­те­ті­нің жерді пай­да­лану және қор­ғау, гео­де­зиялық қызметті мем­ле­кеттік бақылау бөлімінің бастығы Марат Қаженовпен сұхбаттасып, тұрақты мониторинг енгізудің тиімділігі туралы сұраған едік. Ол тұрақты мониторинг енгізу ауыл ша­руа­шылығы мақсатындағы жер­­лерді тиімді әрі ұтымды пай­да­лануға, бос жатқан жерлерді уақ­тылы анықтауға және оларды шаруашылыққа тартуға, оны реттеуде қоғам­дық бақылау рө­лін артты­ру­ға мүмкіндік жасайтынын айтты. Сонымен қатар тұрақ­ты мониторинг жүргізу жауаптылық деңгейін де арттырады деген пікірде.

Біз жердің өзіне тән ерек­ше­лігін, маңызы мен мәрт­е­бесін үнемі есте ұстауымыз қажет. Жер­­­ді сақтау, қорғау және ұтым­­­­ды пай­далану негі­зін­де ауыл ша­руа­шы­лы­ғы ­­мен ай­налы­сып отырған кә­сіп­кер­лер­дің жер­ді нысаналы мақ­са­тына сәй­кес пайдалану, то­пы­рақ құна­р­лы­лығының на­шар­­лауын және жер­дің тозу­ын бол­дырт­пау мақ­са­тында іс-шаралар жүр­­гізулері керек, – деді М.Қа­женов.

Оның мәлімдеуінше, монито­ринг ауыл шаруа­шы­лығы мақ­са­тындағы жер­лердің тиімді, ұтым­ды пайдалану­ын анықтау мақ­са­тын­да жүр­гізілетін болады. Мони­то­ринг жалдау мерзі­мі­нің алғашқы бес жылында – жыл сайын, одан кейін су­армалы егіс­тікте – 3 жыл сайын, тәлім­ді егістікте 5 жыл сай­ын жүр­гізілмек. Мони­­то­ринг көрсет­кіш­тері учас­­ке­нің нысаналы мақсаты, шы­ғым­ды­лық деңгейінің, егіс­тік айна­лымдардың сақталуы, жер­ді арамшөптердің басып кетуін болдырмау және т.б. жер­лерді қорғау бойынша шара­лар жүргізу, жалдау шар­ты­­­­­ның талаптарын орын­­дауды қадағалау болып табылады.

Мониторингтің оң нәти­желері бұрын берілген жер­лердің жалдау мерзімін ұзар­туға, ал оның шарттары орын­далмаған жағдайда жер учас­ке­сіне жалдау шартын бұзуға негіз болады.

М.Қаженовтің айтуынша, қазіргі таңда Ауыл шар­уа­­­шылығы министрлігі жер­дің тиімді пайдалануына қа­тысты тексерудің жаңа ба­ғы­­тын қарастыруда. Соның не­­гіз­гісі ғарыштан мон­итори­нг жүргізу арқыла кос­мостық фото­­тү­сірілім арқылы жер учас­келерін өз еркімен басып алу факті­лерін, ауыл шаруа­шы­лығы мақсатындағы пай­даланбай жатқан немесе заң­наманы бұза пайдаланып жатқан жерлерді анықтауға, мониторинг жүр­гізуге егістік жер­лердің пай­да­ла­нып жат­қанын анық­тау­ға мүм­кін­дік береді. Нәти­же­сін­де, анық­­тал­ған пайдала­ныл­май жат­қан егіс­тік жерлердің мен­­­шік ие­лері мен жер пай­да­­ла­­нушы­ла­рына 10 есе ұл­ғай­­тылған са­лық мөлшері қол­данылады.

2003 жылғы 20 мау­сым­дағы «Қазақстан Рес­пуб­ли­касы Жер кодексінің» 4-бабында, жер заңдарының прин­циптері «жер­ді қорғау және ұтымды пайдала­ну» деп көрсетіледі. Бұл талаптар сақталмаған жағдайда осы кодекс­ке сәйкес, тұлғаларға қа­тыс­ты жауапкершілік және жер учас­келерін мәжбүрлеп мем­лекетке сот арқылы қай­та­ру қарастырылған, – дейді М.Қаженов.

Динара БІТІК,
«Егемен Қазақстан»