06 Ақпан, 2010

ЕКІЖАҚТЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА МҮДДЕЛІЛІК ТАНЫТЫЛДЫ

1020 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін
Америка Құ­рама Штатта­рына сапары шеңберінде ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сырт­қы істер министрі Қанат Сау­дабаев АҚШ-тың Мемле­кет­­тік хатшысы Хиллари Клин­тонмен кездесті. Америка Құ­рама Штатта­рына сапары шеңберінде ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сырт­қы істер министрі Қанат Сау­дабаев АҚШ-тың Мемле­кет­­тік хатшысы Хиллари Клин­тонмен кездесті. Қанат Саудабаевтың мұхиттың ар жағына сапарындағы ең маңыз­ды кездесуі де осы болатын. Келіс­сөз ба­ры­сында негізінен екі мәселе қарас­тырылды. Олар: Қазақстан­ның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі ба­рысындағы іс-қимылдар және Қа­зақ­стан Президенті Нұрсұлтан На­зарбаевтың АҚШ басшысы Барак Обаманың шақыруы бойынша үсті­міздегі жылдың сәуір айында осын­да өтеді деп жоспарланған Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ғаламдық қауіпсіздікті сақтау туралы сам­мит­ке келу сапарының бағ­дарламасы. Хиллари Клинтон Қазақстан­ның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуін АҚШ-тың қолдайтынын және Қа­зақстанмен екі арадағы ынтымақ­тастықтың тереңдей түсуіне мүдделі екендіктерін айта келіп, Қазақстан Президенті Н.На­зар­баевтың Ақ үй басшысының ш­а­қы­руын қабыл алғанына ризашы­лығын білдірді. Қазақстан ядролық қарудан бас тарту жөнінде әлемге жақсы үлгі көрсетті, деді ол. Одан әрі АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Қазақ­станның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы Ұйым үшін сындарлы әрі маңызды кезеңдерде өтіп отырғанын мәлім­деді. Сондықтан да Құрама Штат­тар өзі тарапынан Қазақстан тө­рағалығы ке­зеңінде оның баста­ма­ларын қолдауға әзір. Сайып кел­ген­де, жаңа төрағамен тығыз ынты­мақтастық орнату АҚШ-тың мем­лекеттік мүддесіне сай келеді. Одан әрі тараптар ЕҚЫҰ-да мүд­­делер тепе-теңдігі сақталуы ке­ректігін, соның ішінде оның себет­терінің теңдігі де бұзылмауы қа­жеттігін атап өтті. Қанат Саудабаев өзі тарапынан ЕҚЫҰ-ның Қазақ­стан төрағалық еткен жылындағы басты іс-шараларының арасында Сыртқы істер министрлерінің бей­ресми саммитін Алматы қаласында шақыру ниеті барын және соған Хиллари Клин­тонды ресми түрде шақыратынын жеткізді. Қарсы жақ шақыруды құр­мет­пен қабыл алды. Қазақстан Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаевтың бас­тамасымен Аста­на қаласында ша­қы­рылмақшы ЕҚЫҰ-ға мүше елдер Мемлекет бас­шыларының саммиті ту­ралы идея­ны тараптар мүдделес­тікпен тал­қылап, бұл мәселе жөнінде бел­сенді жұмыстар жүргізе беруге ке­лісті. Сыртқы істер министрлерінің бейресми саммитінде оны ұйым­дас­тыру мәселелері түбегейлі анық­талуы қажеттігі атап көрсетілді. Айта кететін жәйт, келіссөз то­лық түсіністік жағдайында, екі­жақ­ты құрмет білдіру рәуішінде өтті. АҚШ-тың Мемлекеттік депар­та­ментіндегі кездесуден соң ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы, Қазақ­стан Республикасының Мемлекет­тік хатшысы – Сыртқы істер ми­нистрі Қанат Саудабаев осы елдің энергетика министрлігінде болып, Нобель сыйлығының лауреаты, ми­нистр Стивен Чумен кездесті. Кез­десу барысында екі ел арасындағы дәстүрлі, атом және қайталама эн­ер­гетика бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Тараптар осы сала бойынша Қазақстан мен АҚШ арасында құрылған комис­сияның жұмысына қанағат білдірді. Комиссия жасаған жаңа бағдарлама бойынша ынтымақтастықты терең­дете түсу қажеттігі айтылды. Кездесу кезінде Қазақстан мен АҚШ арасындағы атом энерге­ти­касы саласындағы ынтымақтастық­қа да үлкен көңіл бөлінді. Бұл қа­тарда Қазақстанның уран өнді­руден былтыр әлемде бірінші орынға шық­қандығы, ал АҚШ әкімшілігі бір­неше АЭС салу туралы бағдар­лама қабылдап, оны іске асыруға бюджеттен былтыр 18,5 млрд. дол­лар бөлсе, ал биылғы бюд­жет­те бұл шығынның екі есе арт­ты­рыла­тын­ды­ғы сөз болып, осы са­лада ынты­мақ­тастықтың перс­пек­тивалы тұс­т­а­ры көп екендігі аталып өтті. Осыдан кейін Қанат Саудабаев Вашингтоннан Нью-Йорк қала­сы­на жүріп кетті. Ол мұнда БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездеседі және осы халықаралық беделді ұйымның Қауіпсіздік Кеңесінде болып, сөз сөйлейді деп күтілуде. Жақсыбай САМРАТ  – Вашингтоннан. ТӨРАҒАЛЫҚТЫҢ  БАСЫМДЫҚТАРЫ БАЯНДАЛДЫ Іс басындағы төраға, Қазақ­стан Республикасының Мем­ле­кет­тік хатшысы Сыртқы істер министрі Қанат Сау­дабаевтың АҚШ-қа сапары одан әрі жалғасуда. Вашингтонда болуы барысында ол “Атlantіc Councіl” (Атлантикалық кеңес немесе консультация) атты тәуелсіз сарапшылар ұйымы қызметкерлерінің алдында сөз сөйледі. Бұл ке­ңес АҚШ-тың сыртқы саясатына талдау жасап, бағдар беріп оты­ратын үкіметтік емес ұйым. Аты айтып тұрғандай, оның зерттеу ауқымы жалпыатлантикалық аралықты қамтиды. Соның ішінде ұйымның са­рапшылары Орталық Азия елдерінің жай-күйін де сараптап отырады. Біздің министрмен болатын кездесуге АҚШ саясатының ай­тулы өкілдері, сенаторлар мен кон­грес­смендер, университет оқы­тушы­ла­ры мен зерттеушілер, дипломаттар, сарапшылар, жур­на­листер және осында оқитын, қызмет ететін кей­бір қазақстандық азаматтар қа­тысты. ­Кездесуді “Атlantіc Councіl” президенті Фредерик Кемпе ашып, алғашқы сөзді сенатор Чак Ха­гель­ге берді. Ол Америка қоғамының Қазақстанға үлкен назар аударуы заңды екенін, өйт­кені, Орталық Азия АҚШ мүд­десінің тоқайла­са­тын бір тұсы екенін айта келіп, кар­таға қарап Қазақстанның қай жерде орна­ласқанын көрсеңіздер біз үшін оның қаншалықты ма­ңыз­ды­лы­ғын түсінесіздер, деді. Одан әрі Қанат Саудабаевпен өзінің жа­қын таныстығын сөз етті. Оның адами қасиеттерін айта келіп, сөз кезегін оған берді. Қанат Саудабаев өзінің сөзін аудиторияда отырғандардың бәрі де білікті саясатшы мамандар, жетік сарапшылар екенін ауызға ала оты­рып, сіздердің алдары­ңыз­да сөйлеу де оңай емес деп бастап, өзінің кеңес қызметімен де, оның белгілі қызмет­кер­лері­мен де жете таныс екенін атап өтті. Соның ішінде Дж.Джоунс­тың қазір АҚШ Пре­зи­дентінің кеңесшісі, Сюзан Райстың АҚШ тың БҰҰ-дағы өкілі, Ричард Хол­бруктың Ауғанстан мен  Пәкс­тан­дағы арнаулы өкілі екенін айта келіп, дипломаттық ептілікпен ке­ңес­тің беделіне тәнтілігін білдіріп өтті. Одан әрі шешен Қазақ­стан­да­ғы демократиялық үдерістер ту­ра­лы баяндап, Президент Н.Назарбаев өзінің соңғы Жолдауында да елді одан әрі жүйелі түрде жаңаландыру,  заңдылықтарға адами сипат беру, құқық қорғау жүйесін реформалау маңызды басымдықтардың бірі екеніне екпін түсірді. Қазақстанның бейбіт өмір сүру мақсатын көздеп, ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан қадамын Президент Барак Обаманың жоғары бағалағанын айта келіп, Президент Н.Назарбаевтың сәуір айында АҚШ-та өтетін Жа­һан­­дық саммитке шақырту алып отыр­­ғаны осы іске берілген үлкен бағаның көрінісі екенін тілге тиек етті. Біз былтыр уран өндіруден әлемде бірінші орынға шығып, өн­діріс кө­лемін 13500 тоннаға жет­кіз­дік. АҚШ жаңа АЭС-тер салатын­дығы туралы жа­риялады, демек, бұл біздің елде­рі­міздің арасында экономикалық ын­ты­мақтастықтың жаңа перспективасы ашылады деген сөз, дей келіп ол Пре­зидент Н.На­зарбаевтың Қазақстан аумағында ядролық отынның халық­аралық банкін ашу туралы идеясын да АҚШ әкімшілігі жоғары бағалап отырға­нын жеткізді. Одан әрі өткен жыл­дың сәуір айында Қазақстанға кел­ген сапарында Иран президенті М.Ахмадинежад та бұл идеяны қол­дай­тынын білдіргенін көлденең тарт­ты. Осы идеяның шығу төркіні Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі дауды реттеуге бағыт­талған ғой. Сондықтан ол, көптеген сарапшы­лар­дың пікірінше, Аме­рика – Иран қатынастарын жақсартуға септігін тигізер еді деген көзқарасын да білдірді. Одан әрі Президент Б.Обаманың энергетикалық қауіпсіздік туралы идеясы да Н.Назарбаевтың осы саладағы көзқарасымен дәл келетінін атап өтті. Әлемде астық өндіруден бесінші орын алатын ел ретінде Қазақстан БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун мен АҚШ-тың Мем­лекеттік хатшысы Хиллари Клин­тонның көтер­ген әлемде азық-түлік қауіпсіздігін жасау туралы бастама­сына лайықты үлесін қоса алады. Сонымен бірге, АҚШ-тың Ауған­стандағы жағдайды тұрақтандыруға және ядролық қатерді азайтуға бағыт­талған бастамаларын да толық қолдайды, деді Қ.Саудабаев. ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төра­ға­сы ретінде Қанат Саудабаев Хиллари Клин­тонның “Біз ЕҚЫҰ төрағасы қызметіне кіріскен соң Қазақстанның халықаралық көш­басшылығының одан әрі арта түскенін қалаймыз”, деген сөзін келтіре отырып, жаңа төраға­лық­тың жоспарларын да санамалап берді. Қазақстан Президентінің баста­ма­­сы­мен қолға алынған саммит жұ­мы­сына ЕҚЫҰ-ның Тұрақты кеңесі қолдау көрсеткені және Франция, Италия, Ватикан, Түркия, Ресей және ТМД-ның басқа да елдерінің лидерлері оның күн тәртібін белгілеу жұмыстарына кірісіп кеткені де назардан тыс қалған жоқ. Сондай-ақ төраға ретінде Қазақстан Гре­кия­ның бастаған дәстүрін жалғастырып, сыртқы істер министрлерінің бей­рес­ми кездесуін биылғы жазда Алматы қаласында өткізуді мақсат етіп отырғанын көлденең тартты. Қазақстан министрінің сөзі үлкен ыждаһаттылықпен тыңдалып, сарап­шылар тарапынан зор мәнге ие бол­ды. Оған сөз аяқталған соң қап­тап кеткен сұрақтар да дәлел бола алады. Іс басындағы төраға сұрақтардың бә­ріне шебер дипломаттарға тән еп­тілікпен сараң жауап беріп отырды.